1-7 сынып оқушыларының “Зерде” зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының ХVІ республикалық конкурсында Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушысы Аймер Кошмамбетов жеңіске жетті.
Аймер байқауда өзінің «Arduino контроллеріне негізделген бақылауыштан күн ауа коллекторын жасау» атты зерттеу жұмысын сәтті қорғап күміс медальға ие болды.
– Бізде шалғай ауылдар орталық жылу мен газ жүйесіне қосылмаған, олар әлі күнге дейін отын қазандықтарын пайдаланады. Кейбір тұрғындар табыс табу мақсатымен кешке дейін үйде болмайды, сондықтан үйдің температурасын қалыпта ұстап тұру қиындық туғызады. Осы себептен мен өз жобамда күн ауа коллекторын жылыту жүйесі ретінде қарастыруды мақсат еттім. Ол экологиялық таза және арзан, сондай-ақ оның көмегімен үйдегі температураны қашықтан бақылауға болады, – деген ойымен бөлісті жас зерттеуші.
«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.