Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі өрендерінің зерттеу жұмыстары «Дарын» республикалық ғылыми жобалар конкурсында жүлделі орындарды жеңіп алды.
Байқаудың «Өлкетану» бағыты бойынша «Перспективалы туристік маршрут: Ботамойнақ-Тараз қалашығы» жұмысын ұсынған 12-сынып оқушылары Балнұр Ибраш пен Аружан Жақсылық күмістен медаль тақты. Зерттеуші қыздардың жұмысына мектептің тарих пәнінен сарапшы мұғалім Любовь Исатаева жетекшілік еткен.
Қола медальді 12-сыныпта оқитын Абылай Сыдықов пен Анелия Әбдімәліктің «Техника» бағытындағы «Covid-19 клиникалық симптомдарының көрсеткіштерін бақылау жүйесі» зерттеу жобасы иеленді. Өнертапқыштар өз зерттеуін физика пәнінің сарапшы мұғалімі Мирлан Джусамбаев пен IT маманы Максим Рыбалкиннің басшылығымен жүргізді.
Білім сайысына қатысып бағын сынаған 11-сынып оқушысы Алтынай Сауранбаева зерттеушілік белсенділігі үшін грамотамен марапатталды. Осылайша білім ордасының жетістіктер қоржыны тағы да екі медальмен толықты.
– Мектеп ұйымдастыратын көптеген экспедициялар мен тауға саяхаттаулардың арқасында біз өлкетану бойынша зерттеу жұмысымен айналыса бастадық. Әлемде болып жатқан жағдайды ескере отырып, отандық туризмді одан әрі белсенді дамыту қажет деп есептейміз. Өкінішке орай, көптеген адамдар Қазақстанда, атап айтқанда біздің облыста таңғажайып орындар мен киелі нысандардың бар екенін біле бермейді. Осы жобаны зерттей отырып, біз тарихтан ғана емес, сонымен қатар география, химия, биология және информатика пәндері бойынша білімімізді тереңдеттік, – деп атап өтті күміс жүлдегерлер Балнұр мен Аружан.
«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.