NIS Тараз педагогтары халықаралық байқауда тоғыз медаль жеңіп алды

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
14.01.2021
999
700

Тараз қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогтары математика, физика және информатика олимпиадалық резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының IMPACT Olympiad ІІІ Халықаралық ашық шығармашылық конкурсында тоғыз жүлделі орынға ие болды.

Математика пәнінің мұғалімі Мөлдір Таштанбекова мен физика пәнінің мұғалімі Эльмира Кусбекова күміс медаль тақты; информатика пәні мұғалімдері Нұрманап Колоханов пен Аңсар Әкім, сондай-ақ математика мұғалімдері Асқар Урынбаев, Шыңғыс Уәлиханұлы, Нұрым Ағадаева мен физика мұғалімі Гүлмайра Жүсіпназарова қола медальға ие болды. Ұйымдастырушылар атынан математика пәні мұғалімдері Арайлым Түктібаева, Нариман Кожахметов, физика пәні мұғалімі Эльмира Захарова мақтау қағаздарына ие болды.

–  IMPACT байқауына бірінші рет қатысуым. Көптеген жаңа әсерлер мен эмоциялар алдым.  Біздің жұмыстарымызды қатаң, бірақ әділ бағалаған сарапшыларға рахмет. Байқау мұғалімнің шығармашылық және кәсіби дағдыларын дамытуға үлкен әсер етеді. Келесі жылы да қуана қатысамын, – деп байқаудың күміс жүлдегері Мөлдір Таштанбекова.

Байқау 2021 жылдың 8-10 қаңтар аралығында онлайн өтті. Оған Қазақстан және шет елдер мектептерінің педагогтары мен жаттықтырушылары қатысты. Байқаудың мақсаты кәсіби құзыреттілікті оңтайлы меңгергенін көрсететін талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер мен жаттықтырушыларды анықтау, қолдау және көтермелеу болып табылады.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!  

Халықаралық семинар

2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку