География пәні бойынша элективті курсқа қатысушы оқушылар соңғы оқу жылдары әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларда, сайыстарда табыстарға қол жеткізіп жүр. Жақында 7-10 сынып оқушылары «Константа» қашықтық халықаралық зияткерлік байқауы нәтижесінде командалық І, ІІ орындарға ие болса, «Көне Тараз» тобы Бас жүлдені жеңіп алды.
Жеңімпаз командалар:
Бас жүлде – «Көне Тараз», 9-10 сынып оқушылары, жетекшісі Сүлейменқұлов Ж. Д.;
І орын – «Олимп», 7 сынып оқушылары, жетекшілері Шырышбаев Н. Ж., Рысқұлбеков А. Ж.;
ІІ орын – «Зият», 8 сынып оқушылары, жетекшісі Гочияева М. М.
«Еуразиялық жастарды қолдау және дамыту орталығы» ұйымдастырған аталмыш сайыс оқушылардың жоғары эрудициясына негізделіп, пәнді жан-жақты оқуға, ойлау қабілеттерін, логикасын дамытуға бағытталған. Пәндік олимпиадаларға, ғылыми жобаларға дайындық барысында зерттеушілік дағдыларын шыңдап жүрген элективті курс қатысушылары үшін мұндай жарыстар жақсы нәтижелерге жетуге септігін тигізері анық.
«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.