2017 жылғы 29 қазан мен 5 қараша аралығында Түркияның Анталия қаласында мектеп оқушылары және колледж студенттері арасында ІХ-ші Халықаралық Олимпиадасы өтті. Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 В сынып оқушысы Теміртаева Малика Халықаралық олимпиадаға ағылшын тілінен қатысып, 8-сынып оқушылары арасында күміс медаль иегері атанды.
Малика олимпиадаға ағылшын тілі мұғалімі Жадыра Айтенованың жетекшілігімен дайындалды. Түркияға бірге кетіп, елімізге жеңіспен оралды.
“Бұл менің халықаралық олимпиадаға қатысудағы алғашқы тәжірибем. Өз қабілетімді сынап қана қоймай, түрлі мәдениет өкілдерімен де танысуға үлкен мүмкіндік болды. Бір қызығы, олардың бағалау стандарттары мүлдем басқа екен”,- дейді Малика.
Анталияда өтетін Халықаралық олимпиада – Анталия муниципалитетінің қолдауымен, EDUANT Білім беру Орталығының ұйымдастыруымен өтетін интеллектуалды жоба. Биылғы жылы Олимпиадаға ТМД елдерінен, Ресей, Түркия Республикасы және Прибалтикадан келген 500-ден астам мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты.
«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.