Тараздық Зияткерлік мектеп оқушысы бизнесін жүзеге асырғанға екі миллион теңге жеңіп алды

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
28.10.2019
999
700

Тараз қаласындағы Зияткерлік мектебінің он екінші сынып оқушысы Дана Құрманбек құрғақ сарысуды өндіретін бизнес-жобасын жүзеге асыруға екі миллион теңге ұтып алды. Оның бизнес-бастамасын «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қолдады.

– Біздің елге құрғақ сүт сарысуы Ресей мен Беларусиядан импортталады. Ал оны өзіміз өндіре бастасақ қосымша шығындардан арылар едік. Құрғақ сарысу 150-ден астам өнім түрлерін шығаруда қолданылады. Бұл косметикалық және фармацевтикалық құралдар, шұжық және кондитерлік өнімдер, балмұздақтың түрлері, – дейді Дана.

Жас бизнес-леди өз идеясын жақын арада іске асыруды жоспарлап отыр. Бизнес-жоспар да бар, инвестиция дайын дейді ол.

Оқушы бизнес-жоспарын жетекшісі экономика пәнінің мұғалім-модераторы Әлия Жусанбаеваның басшылығымен мұқият құрып, есептеген. «Сүт өнімдерінің қалдықтарын қайта өңдеу арқылы құрғақ сарысуды өндіру жобасын жүзеге асыруды Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында жүзеге асырамыз. Еңбегіміз болашақта өңірдің және елдің экономикасына ерекше пайда әкеледі деген үміттеміз», – деді Әлия Махтабекқызы.

Айта кету керек, Дана Құрманбек байқаудың ең жас қатысушысы атанды. Оның жасы небәрі он сегізде. Данамен қатар байқауға зейнеткер жасына дейінгі тәжірибелі кәсіпкерлер де қатысты. Әрбір қатысушының өз бизнес-жобасын таныстыруға үш минут және конкурстық комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап беруге екі минут уақыт берілді.

Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, байқауға барлығы 250 өтінім келіп түскен. Жобалар бизнес-идеялардың жаңашылдығы, бизнестің бәсекеге қабілеттілігі мен дайындығы критерийлері бойынша бағаланды. Конкурстық комиссия құрамына Назарбаев Университетінің, қала тұрғындарын жұмыспен қамту орталығының, қоғамдық ұйымдардың, кәсіпкерлер палатасы мен түрлі кәсіпорындардың өкілдері, сондай-ақ, бизнесмендер кірді.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!  

Халықаралық семинар

2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку