Тараздық Зияткерлік мектептің 12 сынып оқушыларына алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік жоғары оқу орындарынан білім гранттарын тағайындау бойынша хаттар келіп түсуде.
Бірінші болып өз шақыртуларын Ақнұр Қасым мен Нұртөре Амангелді алды. Назарбаев университеті оқушыларға Foundation дайындық бағдарламасынсыз тікелей бакалавриатқа толық грант ұсынды. Оқушылардың таңдауы НУ-нің Инженерия және сандық ғылымдар мектебіне түскен.
– Назарбаев Университетіне түсуге ниет білдірушілерге IELTS/SAT халықаралық тестілерінің құрылымын әр бағдарлама талаптарына байланысты зерделеуге кеңес берер едік. Тестке дайындықты ертерек, яғни бір немесе екі жыл бұрын бастау керек, – деген кеңестерімен бөлісті Ақнұр мен Нұртөре.
Бағы жанғандардың ішінде Владислав Егай мен Абзал Мәдиев те бар. Оқушылар АҚШ-тағы St. Francis College және Чехияның Prague Language Institute оқу ордаларының жартылай гранттарына ие болды.
– Болашақ мамандығымды экономикамен
байланыстыруды жоспарлап отырмын. Егер адам өзі сүйген мамандығын таңдаса, оның қайтарымы да толық болады, тек өзіне ғана емес, қоғамға да пайда әкелуге мүмкіндік туады, – деді Владислав.
Биылғы оқу жылында Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін 112 оқушы аяқтайды. Олардың көпшілігі бірнеше ЖОО-на түсуге өтінім берген. Жақын арада оларға қабылдау комиссияларының шешімдері көрсетілген хаттар келуі тиіс. Сонымен қатар, эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, кейбір түлектер шетелдік жоғары оқу орындарына түсу туралы шешімді қайта қарауда.
«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.