Тараздық NIS оқушысы Италияның әйгілі университетіне грант жеңіп алды

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
06.05.2020
999
700

Тараздық NIS оқушысы Саяжан Жамеледенова Италияның ең әйгілі жоғарғы оқу орындарының бірі – Тор Вергатада оқу грантына ие болды. Мұнда оқушы қыз экономика мен халықаралық бизнестегі басқару бойынша білім алатын болады.

Саяжанның экономист-менеджер мамандығын таңдауы бекер емес. Өйткені ол бала кезінен жеке бизнесін ашу мен өз брендін жасап шығаруды армандап келеді.

– Мені бұл елдің бай тарихы, әдемі қалалары, дамыған мәдениеті мен асханасы және одан да маңыздысы тамаша адамдары қызықтырады. Италияда білім алу маған жақсы мүмкіндіктер мен ұмытылмас тәжірибе беретініне сенімім мол, – дейді грант иегері.

         Саяжан Жамеледенованың басқа да жетістіктері мен қызығушылықтары жетерлік. Ол Shymkent International Model United Nations, New Silk Way Model United Nations шараларының белсенді қатысушысы, француз тілінен өткен желілік олимпиада жеңімпазы, Британ консулдығы ұйымдастырған Science Stars байқауының финалисті.

         Сонымен қатар, зияткер оқушы халықаралық би байқауының гран-при иегері. Айта кетерлігі, байқау Италияның Рим қаласында өткен. Дәл сол сәттен бастап Саяжан осы елге оқуға түсуді мақсат еткен. Оқудан елге оралысымен кәсіпкерлікті қолға алмақшы.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!  

Халықаралық семинар

2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку