Тараздық NIS командасы Enactus Kazakhstan байқауының ұлттық чемпионы

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
23.08.2020
999
700

Тараз қаласының NIS командасы Enactus Kazakhstan Online National Expo 2020 шеңберінде өткізілген мектеп кәсіпкерлігінің I Республикалық чемпионатының жеңімпазы атанды.

Қыркүйек айында жас стартаперлер Enactus әлем кубогында чемпион атағы үшін сайысқа түседі.

Республикалық кезеңге команда екі бизнес жобасын ұсынды. Бірі  университеттерге түсу процесін жеңілдетуге арналған UnApp қосымшасы. Онда әрбір түлек өзіне қажетті барлық ақпаратты оңай таба алады. Екіншісі  BinEco – қаланың қоқыс бактарын бақылау жүйесі. Қоқыс жәшіктеріне орнатылған сенсорлардың арқасында ҚТҚ шығаратын компаниялар қоқыс жинау процесін оңтайландыра алады.

– Бәріміз әлемде бизнес пен ғылым саласына басымдық беріліп отырағанын білеміз. Сондықтан ғылыммен айналыса отырып, біз адамдардың өмірі үшін жайлы және қолайлы орта жасауға тырысудамыз, – дейді BinEco жобасының командирі Саяжан Оңласын.

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы 9-11 сыныптардың 17 талантты оқушыларынан құралған. Ал Enactus Kazakhstan – ға еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ге жуық оқушы қатысқан.

– Осы байқауға қатысу арқылы балалар жаңа деңгейге шықты.  Олар өздерінің кәсіпкерлік дағдыларын көрсетті және жазғы демалыс кезіндегі еңбектері өз нәтижесін берді. Әрі қарай балалар авторлық құқықтарға өтінім беріп, нақты нарыққа шығатын болады, – деп атап өтті директордың орынбасары Әлия Жусанбаева.

Мектеп кәсіпкерлігінің республикалық чемпионаты – бұл Enactus халықаралық қоғамдастығы өткізетін жыл сайынғы байқау, онда жас кәсіпкерлердің мектеп командалары чемпион атағы үшін күреседі. Биыл ол Қазақстанда алғаш рет және онлайн форматта өткізілді.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!  

Халықаралық семинар

2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку