Тараздық НЗМ оқушылары республикалық олимпиададан жеті медальмен оралды

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
08.01.2020
999
700

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жақында өткен  республикалық пәндік олимпиададан жеті медальмен оралды. Жеңіс тұғырынан Аида Чиналиева 1 орынмен (география), Мунира Турсунова 1 орынмен (қазақ тілі), Аружан Қалтай 3 орынмен (қазақ тілі), Сабина Сайдуллаева 3 орынмен (қазақ тілі), Тимур Амангелдиев 3 орынмен (математика), Инабат Амантай 3 орынмен (биология), Абзал Мадиев 3 орынмен (география) көзге түсті.

Желілік білім додасы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы Зияткерлік мектеп базаларында өтіп, республиканың 700-ден астам зияткерлерін бір ортаға жинаған.

Елордада оқушылар Қазақстан тарихы, құқық, физика және математика пәндерінен білімдерін сарапқа салса, Шымкенттегі Зияткерлік мектепте қазақ, орыс, ағылшын, француз, неміс тілдерінен пәндерінен сайысқа түскен. Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында зияткерлер екі күн бойы информатика, химия, биология, география пәндері бойынша білім таластырған.

Дәстүр бойынша екі күнге ұласатын республикалық желілік пәндік олимпиада нәтижелерін ЖОО-ның ғылым докторлары мен кандидаттарынан, НЗМ түлектерінен, олимпиада жүлдегерлерінен, магистрлер мен тәжірибелі мамандардан құралған  қазылар алқасы сарапқа салған.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!  

Халықаралық семинар

2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку