Тараз қаласындағы Зияткерлік мектебінің «Spark» командасы республиканың 60 командасы арасында үздік бестікке енді.
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Диана Намазбаева, Қымбат Халымбетова, Әйгерім Дүйсет және Анелия Әбдімәліктен құралған «Spark» командасы «Technovation challenge» байқауына қатысқан 60 команда ішінен үздік бестікке енді. Олардың «Kindmind» атты мобильдік қосымшасы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Қыздар өздерінің IT жаңалығын есту қабілеті бұзылған адамдардың мәселесін шешуге арнаған.
– Қосымша келіп түсетін дыбыстық хабарламаларды қабылдап, пайдаланушыға діріл түрінде белгі береді. Оны ашқан адам келіп түскен дыбыстық хабарламаны мәтін түрінде оқи алады, – деді идея авторларының бірі Диана Намазбаева.
Қосымшаның ерекшелігі оның офлайн-режимінде қолдануға болатындығында. Қазір бағдарлама хабарландыруларды ағылшын, орыс және қазақ тілдеріне аударады. Алдағы уақытта жетекшісі Балжан Дүйсекеева бастаған команда қосымшаның функционалын кеңейтуді, оның ішінде басқа тілдерді іске қосуды жоспарлап отыр.
Енді ең үздік деп танылған жұмыстарды халықаралық сарапшылар бағалайды. Алдағы уақытта іріктелген жобалардың авторлары биылғы жылдың күзінде Сан-Франциско қаласында өтетін байқаудың финалдық кезеңіне барады.
«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.