Жас химиктердің жетістіктері

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
12.04.2018
999
700

 

7-8 сәуірде Астана қаласында орта мектептер, гимназия мен лицей оқушылары арасында химия пәнінен үздік ғылыми жоба “Химик-зерттеуші” I Халықаралық байқауы өтті. Байқауда мектебіміздің оқушылары І және ІІІ дәрежелі дипломдарға ие болған 2 жобалық жұмыс ұсынды.

10-сынып оқушылары Халмухамедова Юлдуз бен Кенешбекова Аружанның зерттеу жұмысы металл өндірісі қалдықтарынан магниттік ұнтақ алуға бағытталған.

– Бұл магниттік ұнтақты қатты дискілер өндірісінде, фармакокинетикалық зерттеулерде және дәрі-дәрмектер мен гендерді мақсатты жеткізуде пайдалануға болады. Зерттеу кезінде қолданған шикізатты біз ЖШС «Имсталькон» Жамбыл металлқұрастырылымы заводынан алдық, – деп бөлісті бізбен жоба авторларының бірі Юлдуз.

12 сынып оқушылары Рахимов Дамир мен Батырбаева Аиданың химия пәнінен жүргізген зерттеу жұмысы «Сутекті отын тасығыштары ретіндегі гидридтерді тұрақтылыққа зерттеу» деп аталады.

– Қазіргі таңда сутекті отын кеңінен пайдаланылмайды, өйткені оны қауіпсіз сақтау және тасымалдау мәселелері туындайды. Ғылыми қауымдастық сутекті гидридте сақтауды ұсынады, ал біз осы қосылыстардың тұрақтылығын тексеріп, перспективалық гидридтерді іздеудің неғұрлым оңтайлы тәсілін ұсынуға тырыстық, – дейді жас химиктер.

Байқау нәтижесінде жүлделі І, ІІ, ІІІ орын иегерлері дипломдар және  құнды сыйлықтармен (смартфондар, кітаптар) марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар, жетекшілерге алғыс хаттар тапсырылды.

Дәстүрге сай Оқушылар сарайында өткізілетін ғылыми сайыс жас ғалымдарды даярлау сапасын арттыруға, сондай-ақ оларды ғылыми жұмыспен айналысуға ынталандыруға жақсы тетік болып табылады.

 

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!  

Халықаралық семинар

2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку