Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің мұғалімдері және оқушылары АҚШ-тың Арканзас штатыда орналасқан Дюма жоғары мектебімен онлайн кездесу өткізді.
Бұл кездесудің басты мақсаты – оқушыларды жаһандық азаматтыққа баулу, еліміздің ұлттық құндылықтарын шет елдік оқушыларға таныстыра отырып, білім, мәдениет және технология аясында серіктестік қарым- қатынас орнату. Алғашқы кездесуде оқушылар ұлт – аралық келісім мен бейбітшілікте өмір сүріп жатқан Қазақстандық ұлт өкілдері, мемлекеттің географиялық орналасуы, салт- дәстүрмен мәдениеті жайлы сөз қозғады. Наурыз мерекесінің тойлану ерекшелігі Дюма жоғары мектебінің оқушыларының қызығушылығын тудырды. Тараз қаласы НЗМ халықаралық мұғалімі Виктор Аваси, ағылшын тілі мұғалімі Абсадикова Индира және 9 сынып оқушылары және мектеп әкімшілігі қатысқан бұл жиында қашықтан оқыту жағдайында оқу үрдісінің жүзеге асырылу барысы, жалпы мектептегі дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу ерекшеліктері талқыланды.
«Бұл шет елдік мектеппен кездесу серіктестік қарым- қатынастың алғашқы қадамы болып табылады. Қәзіргі уақытта екі мектеп арасында білім беру үрдісі, мәдени қарым- қатынас және мұғалімдердің кәсіби дамуы аясындағы іс – шаралары кіріктірілген жаңа жоспар дайындалуда »- деді мектеп директорының даму бойынша орынбасары Алия Жусанбаева
Kyeongpuk национальный университет Республики Корея и Назарбаев Интеллектуальная школа города Тараз подписали меморандум о сотрудничестве. Соглашение открывает новые возможности двухстороннего сотрудничества в сфере науки и углубление понимания экономических, культурных, экологических и академических преимуществ. Планируется, что в дальнейшем создана программа по обмену опытом и сотрудничества между их соответствующими учреждениями. Координатором данной встречи является Нагима Кенжебековна, преподаватель […]
«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.