Тараздағы Зияткерлік мектепте Тұңғыш Президент күнін тойлау онкүндігі басталды

Full information

Category:
News
Date of publication:
26.11.2020
999
700

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Тұңғыш Президент күнін тойлау онкүндігі бастау алды. Мерекелік шаралар тізбегін жатақхана тәрбиешілерінің оқушылармен өткізген «Елбасы бастамасы Қазақстан тарихында» онлайн викторинасы ашты. Қатысушылар Н.Назарбаевтың өмір жолынан бастап, әлем тарихында қалатын бастамалары жайында сұрақтарға жарыса жауап берді.

Мерекелік жоспардағы бірегей әрі дәстүрлі шара – домбырашылар флешмобы. Қарашаның соңғы күні бір мезетте 30-ға жуық зияткер «Жастар биі» атты халық күйін Ютуб арнасының тікелей эфирінде ойнайтын болады. Жыл сайын флешмобта өңірлік Зияткерлік мектеп оқушылары тамылжыта күй тартып, ұлттық дәстүрді дәріптейді.

Сондай-ақ, мереке қарсаңында 700-ден астам тараздық зияткер «Әлеуметтік тәжірибелер – патриоттық тәрбиенің негізі» атты форумда бас қосады. Онда оқушылар әлеуметтік маңызды құндылықтар жайында сөз қозғайды.

Кезекті шаралардың бірі – «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Ұлт көшбасшысы Н.А.Назарбаевтың рөлі» тақырыбына арналған онлайн телеэфир. Тікелей көрсетілімде оқушылар Елбасы өмірінен қызықты деректерімен бөліседі, ән мен би орындап, шағын қойылымдар қояды.

«Есті сөз – елге мұра, ұрпаққа өнеге» атты байқауында 7-сынып оқушылары Елбасының қанатты сөздерін жатқа айтудан өзара жарысқа түсетін болады. Жеңіске жеткен оқушылар Н.Назарбаевтың авторлығымен жазылған кітаптармен марапатталады.

Тұңғыш Президент күнін тойлау онкүндігі аясында «Менің елім, менің Қазақстаным!» тақырыбына арналған сурет және қолөнер жұмыстарының байқауын өткізу де жоспарланған. Байқау талабына сай, оқу ордасының жас суретшілері мен қолөнершілері өз туындыларын тарихи, мәдени салаға арнайды.

Сонымен қатар, оқушылар және шығармашылық бөлім бірлесе «Мәңгі Қазақстан» атты әлеуметтік бейнеролигін әзірлеуде. Олардың айтуынша, бейнежазба тамашалаушыға патриоттық рух беріп, ел мен жердің маңызын түсіндіруге бағытталған дейді.

Тізілген шаралар форматы биылғы жылы өзгерек. Барлығы да онлайн түрде, әлеуметтік платформалар көмегімен өткізілмек. Алайда, мерекенің маңызы мен мәніне еш кедергі келмейтіні сөзсіз.

WINNERS OF THE REPUBLICAN CONTEST “ZERDE”

NIS students in Taraz won prizes at the XIX Republican competition of research projects and creative works “Zerde”.  In the competition among students of grades 2-7, our intellectuals competed in the natural and mathematical direction. As a result, Danial Akylbekovich took the first place in the Stem engineering section of Computer Science Robotics and Almuhammed […]

999
700
Read more...
NIS students were recognized as winners in the Republican competition of scientific projects “Zhas Al-Farabi”

Recently, within the framework of the “Рухани жаңғыру” program, at the 10th Republican Conference of research work of students “Жас Әл-Фараби”, dedicated to the 90th anniversary of Al-Farabi KazNU, students of the NIS in Taraz were awarded prizes and letters of thanks.  As a result of the conference, Tazhikhan Kanat and Kaldybay Baryskhan took the […]

999
700
Read more...
NIS student triumphantly returned from the project” IT Hub battle”🔥

In the competition organized by the Organization of self-government of students of the Nazarbayev Intellectual School of International Baccalaureate in Astana, the student of our school Tazhikhan Madi won the prize – II place. The competition, which consisted of two stages, was held on the topic “automation of everyday tasks”. The main goal of the […]

999
700
Read more...
🌱NIS students in Taraz turned out to be among the best young geographers and computer scientists in the country.

The final stage of the republican Olympiad in geography and computer science was held in Almaty on the basis of the Haileybury school. All 22 students of Nazarbayev Intellectual Schools took prizes, the NIS piggy bank was replenished with 7 gold, 10 silver, 5 bronze medals.   Including Asylkhan Smet-silver medal in geography; Abdimanap Ermakhan-bronze […]

999
700
Read more...

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку