Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде құжат қабылдау басталды

Full information

Category:
News
Date of publication:
18.12.2019
999
700

Бүгін Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде үміткерлердің құжатын қабылдау басталды. Биылғы құжат қабылдау науқаны 2019 жылғы 18-желтоқсан мен 2020 жылғы 31-қаңтар аралығына жоспарланған.

Үміткерлердің алғашқы легі ата-аналарын ертіп құжат тапсыруға келіп жатыр. Бірі анасына ілессе, екіншісі атасы не апасы, болмаса әпке-ағаларымен келуде. Анасы немесе әкесі келмеген жағдайда, туысының қолында ата-анасынан берілген сенім хаты болуы шарт.

– Биылғы жылы құжаттар тізіміне біршама өзгертулер енген. Мәселен, үміткердің 3х4 см көлеміндегі суреті электронды түрде болуы керек. Болмаған жағдайда, фототүсірілімді құжат тапсыру кезінде қабылдау комиссиясы жасайды. Және өткен жылдардағыдай мекен-жай анықтамасы қажет емес, – дейді қабылдау комиссиясының мүшесі Нұржан Мырзаков.

Іріктеу конкурсына қатысу үшін қабылдау комиссиясына үміткер келесі құжаттарды тапсырады:

1) конкурсқа қатысу үшін өтініш беру;

2) сауалнама толтыру;

3) үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, ЖСН-ы, заңды өкілінің ЖСН көрсетілген жеке куәлік көшірмесі;

4) 086/у медициналық анықтама формасы;

5) үміткердің соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібі табелінің көшірмесі. Табель бала оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, ұйымының мөрімен бекітілуі керек (ескерту: құжаттарды 6 сыныптың 1-ші жарты жылдығы аяқталғанға дейін тапсырсаңыз 5 сыныптың табелі қабылданады, 6 сыныптың 1-ші жарты жылдығы аяқталған соң тапсырсаңыз 6 сыныптың 1-ші  жарты жылдық табелі қабылданады).

6) үміткердің графикалық файл түріндегі 1 МБ (мегабайт) кем емес көлемі 3х4 см. цифрлі фотосуреті немесе үміткердің фототүсірілімі құжат тапсыру кезінде қабылдау комиссиясында жасалынады.

Көрсетілген барлық құжаттар пластикалық тезтікпеге салынады. Үміткер құжаттарын белгіленген мерзімінен кешіктіріп өткізсе, немесе құжаттары толық болмаса қабылдау комиссиясы құжаттарды қабылдамауға толық құқылы.

Естеріңізге сала кетейік өткен жылы Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне 1350 үміткердің құжаты қабылданып рекорд жасалған болатын. Солардың 184-і қазіргі таңда Тараз НЗМ-де білім алуда. Қабылдау комиссиясының мүшелері құжаттарды қазірден тапсыра беруге кеңес береді. Өйткені, уақыт өте тапсырушылар қарасы көбейіп ұзын сонар кезекті кұтіп қалуларыңыз әбден мүмкін дейді.

Тестілеу 2020 жылғы 14-15 наурыз күндері өтеді. Толық ақпаратты trz.nis.edu.kz веб-сайтының «Үміткерлерге» бөлімінен немесе 8 (726 2) 99 98 58 номері арқылы алуға болады.

WINNERS OF THE REPUBLICAN CONTEST “ZERDE”

NIS students in Taraz won prizes at the XIX Republican competition of research projects and creative works “Zerde”.  In the competition among students of grades 2-7, our intellectuals competed in the natural and mathematical direction. As a result, Danial Akylbekovich took the first place in the Stem engineering section of Computer Science Robotics and Almuhammed […]

999
700
Read more...
NIS students were recognized as winners in the Republican competition of scientific projects “Zhas Al-Farabi”

Recently, within the framework of the “Рухани жаңғыру” program, at the 10th Republican Conference of research work of students “Жас Әл-Фараби”, dedicated to the 90th anniversary of Al-Farabi KazNU, students of the NIS in Taraz were awarded prizes and letters of thanks.  As a result of the conference, Tazhikhan Kanat and Kaldybay Baryskhan took the […]

999
700
Read more...
NIS student triumphantly returned from the project” IT Hub battle”🔥

In the competition organized by the Organization of self-government of students of the Nazarbayev Intellectual School of International Baccalaureate in Astana, the student of our school Tazhikhan Madi won the prize – II place. The competition, which consisted of two stages, was held on the topic “automation of everyday tasks”. The main goal of the […]

999
700
Read more...
🌱NIS students in Taraz turned out to be among the best young geographers and computer scientists in the country.

The final stage of the republican Olympiad in geography and computer science was held in Almaty on the basis of the Haileybury school. All 22 students of Nazarbayev Intellectual Schools took prizes, the NIS piggy bank was replenished with 7 gold, 10 silver, 5 bronze medals.   Including Asylkhan Smet-silver medal in geography; Abdimanap Ermakhan-bronze […]

999
700
Read more...

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку