«Ауыл мектебі» жобасы аясында мектеп әкімшілігіне арналған тағылымдамалар жалғасын тапты

Full information

Category:
News
Date of publication:
12.11.2020
999
700

Ел Президенті Қ.Тоқаев 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі жолдауында қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім сапасындағы айырмашылықты азайту мәселесін қозғады.  Осы орайда аймақтық әкімдіктер пилотты режимде «Ауыл мектебі» жобасын жүзеге асыруды бастады.

Жоба аясында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін есепке ала отырып, орта білім беру ұйымдарында оқытудың, бағалаудың, тәрбие беру жұмыстарының инновациялық тәжірибелері мен технологияларын енгізу қарастырылған.

Бастаманы жүзеге асыру мақсатында Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ауыл мектептерінің басшыларына арналған тағылымдама түріндегі тәжірибе алмасу сериясын жалғастырды. Осылайша, 11 қараша күні Жамбыл аудандық Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясы мен Байзақ аудандық Н.Ақшабаев атындағы орта мектебінің басшылары мен орынбасарлары тағылымдада тәжірибе шыңдады.

Тағылымдама барысында ауыл мектептеріне қашықтан оқытуды тиімді ұйымдастыру бойынша әдістемелік қолдау көрсетуге үлкен басымдық берілді.

– Бүгінгі тағылымдамадан алған мәліметтер өз мектебімізге енгізуге өте қолайлы деп ойлаймын. Сабақты тиімді жоспарлаудың жолдары, әсіресе оқушының сабақта кері байланысқа белсенді қосылуына жағдай жасау әдістерін көрдік. Microsoft Teams бағдарламасының да тиімділігіне көзіміз жетті. Алдағы уақытта аталған платформада жұмыс жасау жоспарымызда бар, – деген ойымен Н.Ақшабаев атындағы орта мектебі директорының орынбасары Баян Бекбатырова бөлісті.

Бағдарламаға сай қатысушылар қашықтан оқыту жағдайында оқу жетістіктерін критериалды/модульдік құрылымды бағалау, мұғалімнің кәсіби дамуы: кері байланыстың мұғалімнің кәсіби дамуына әсері, пәнаралық байланыс және интеграциялық  сабақтарды өткізу, сабақта іс әрекеттегі зерттеуді ұйымдастыру, кітапхана  қызметінің оқу үрдісіне әсері туралы толыққанды ақпарат алды.

Сондай-ақ, мектеп басшылары Зияткерлік мектеп мұғалімдерінің сабақтарына онлайн түрде қатысып, оларға талдау жасады. Мектептің  даму жоспарын құру, тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен оқушыларға психологиялық қолдау көрсету сұрақтарын талқылады. Сынып жетекшілеріне арналған әдістемелік кеңестерді тыңдап, кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыруды үйренді.

Тағылымдама соңында тыңдаушылар мен Зияткерлік мектеп өкілдері бірлесе пікір алмасып, ортақ ұсыныстарын ортаға салды.

– Қашықтықтан оқыту кезінде кездесетін барлық мәселелер мен оларды шешу жолдары керемет түсіндірілді. Зияткерлік мектеппен арықарай да тығыз байланыста жұмыс жасап, тағылымдама барысында алған барлық мәліметтерді тәжірибеге енгізуді жоспарлап отырмыз, – деді Нұрлыбек Исакулов, Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясы директорының орынбасары.

WINNERS OF THE REPUBLICAN CONTEST “ZERDE”

NIS students in Taraz won prizes at the XIX Republican competition of research projects and creative works “Zerde”.  In the competition among students of grades 2-7, our intellectuals competed in the natural and mathematical direction. As a result, Danial Akylbekovich took the first place in the Stem engineering section of Computer Science Robotics and Almuhammed […]

999
700
Read more...
NIS students were recognized as winners in the Republican competition of scientific projects “Zhas Al-Farabi”

Recently, within the framework of the “Рухани жаңғыру” program, at the 10th Republican Conference of research work of students “Жас Әл-Фараби”, dedicated to the 90th anniversary of Al-Farabi KazNU, students of the NIS in Taraz were awarded prizes and letters of thanks.  As a result of the conference, Tazhikhan Kanat and Kaldybay Baryskhan took the […]

999
700
Read more...
NIS student triumphantly returned from the project” IT Hub battle”🔥

In the competition organized by the Organization of self-government of students of the Nazarbayev Intellectual School of International Baccalaureate in Astana, the student of our school Tazhikhan Madi won the prize – II place. The competition, which consisted of two stages, was held on the topic “automation of everyday tasks”. The main goal of the […]

999
700
Read more...
🌱NIS students in Taraz turned out to be among the best young geographers and computer scientists in the country.

The final stage of the republican Olympiad in geography and computer science was held in Almaty on the basis of the Haileybury school. All 22 students of Nazarbayev Intellectual Schools took prizes, the NIS piggy bank was replenished with 7 gold, 10 silver, 5 bronze medals.   Including Asylkhan Smet-silver medal in geography; Abdimanap Ermakhan-bronze […]

999
700
Read more...

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку