Ел Президенті Қ.Тоқаев 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі жолдауында қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім сапасындағы айырмашылықты азайту мәселесін қозғады. Осы орайда аймақтық әкімдіктер пилотты режимде «Ауыл мектебі» жобасын жүзеге асыруды бастады.
Жоба аясында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін есепке ала отырып, орта білім беру ұйымдарында оқытудың, бағалаудың, тәрбие беру жұмыстарының инновациялық тәжірибелері мен технологияларын енгізу қарастырылған.
Бастаманы жүзеге асыру мақсатында Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ауыл мектептерінің басшыларына арналған тағылымдама түріндегі тәжірибе алмасу сериясын жалғастырды. Осылайша, 11 қараша күні Жамбыл аудандық Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясы мен Байзақ аудандық Н.Ақшабаев атындағы орта мектебінің басшылары мен орынбасарлары тағылымдада тәжірибе шыңдады.
Тағылымдама барысында ауыл мектептеріне қашықтан оқытуды тиімді ұйымдастыру бойынша әдістемелік қолдау көрсетуге үлкен басымдық берілді.
– Бүгінгі тағылымдамадан алған мәліметтер өз мектебімізге енгізуге өте қолайлы деп ойлаймын. Сабақты тиімді жоспарлаудың жолдары, әсіресе оқушының сабақта кері байланысқа белсенді қосылуына жағдай жасау әдістерін көрдік. Microsoft Teams бағдарламасының да тиімділігіне көзіміз жетті. Алдағы уақытта аталған платформада жұмыс жасау жоспарымызда бар, – деген ойымен Н.Ақшабаев атындағы орта мектебі директорының орынбасары Баян Бекбатырова бөлісті.
Бағдарламаға сай қатысушылар қашықтан оқыту жағдайында оқу жетістіктерін критериалды/модульдік құрылымды бағалау, мұғалімнің кәсіби дамуы: кері байланыстың мұғалімнің кәсіби дамуына әсері, пәнаралық байланыс және интеграциялық сабақтарды өткізу, сабақта іс әрекеттегі зерттеуді ұйымдастыру, кітапхана қызметінің оқу үрдісіне әсері туралы толыққанды ақпарат алды.
Сондай-ақ, мектеп басшылары Зияткерлік мектеп мұғалімдерінің сабақтарына онлайн түрде қатысып, оларға талдау жасады. Мектептің даму жоспарын құру, тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен оқушыларға психологиялық қолдау көрсету сұрақтарын талқылады. Сынып жетекшілеріне арналған әдістемелік кеңестерді тыңдап, кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыруды үйренді.
Тағылымдама соңында тыңдаушылар мен Зияткерлік мектеп өкілдері бірлесе пікір алмасып, ортақ ұсыныстарын ортаға салды.
– Қашықтықтан оқыту кезінде кездесетін барлық мәселелер мен оларды шешу жолдары керемет түсіндірілді. Зияткерлік мектеппен арықарай да тығыз байланыста жұмыс жасап, тағылымдама барысында алған барлық мәліметтерді тәжірибеге енгізуді жоспарлап отырмыз, – деді Нұрлыбек Исакулов, Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясы директорының орынбасары.
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]
🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]
🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀
📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.