Бүгін Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қос бірдей қуаныш. Бірі мұғалімдер мерекесі болса, екінші қуаныш биология мұғалімі Инна Аксенованың салтанатты түрде «Үздік педагог» төсбелгісімен марапатталуы. Төсбелгімен қатар Инна Аксеноваға білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов екі жарым миллион тенге көлемінде сыйақы табыстады.
Естеріңізге сала кетейік, биология мұғалім-эксперті Инна Аксенова «Үздік педагог-2019» байқауына қатысып, оның қалалық, облыстық және республикалық сатыларынан сүрінбей өткен болатын.
Мұғалімдер күні қарсаңында жеңімпаз педагог Нұр-Сұлтан қаласына барып өз марапатын алып қайтты. Бүгін Инна Валериевна мектепте өз әріптестерінің құттықтауларын қабылдауда.
– Мен балаларды өзім сүйетін нәрсеге үйретемін. Егер адам өз ісін жақсы көрсе, бұл «кәсіби» махаббат оқушыларға да беріледі. Ал мұндай байқаулар бізге сол тәжірибемізбен бөлісуге жақсы мүмкіндік береді, – деді Инна Аксенова.
Kyeongpuk национальный университет Республики Корея и Назарбаев Интеллектуальная школа города Тараз подписали меморандум о сотрудничестве. Соглашение открывает новые возможности двухстороннего сотрудничества в сфере науки и углубление понимания экономических, культурных, экологических и академических преимуществ. Планируется, что в дальнейшем создана программа по обмену опытом и сотрудничества между их соответствующими учреждениями. Координатором данной встречи является Нагима Кенжебековна, преподаватель […]
«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.