Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар және барша мектеп қауымы!

Full information

Category:
News
Date of publication:
01.09.2020
999
700
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар және барша мектеп қауымы!
1 қыркүйек – Білім күні шын мәнінде бүкіл халықтық мереке. Әрбір адамның жүрегінде жақсы естелік қалдыратын, жарық та, жылы сезімдерге толы мейрам. Жаңа бастамалардың, жаңа ізденістердің, жаңа идеялардың символы.
Абай атамыз: «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі» деген екен. Сондықтан бүгінгі жастар ілім-білім жинауға қашанда асығып, болашақта озық ойлы, өрісі кең азаматтар болуға әрдайым тырысуы қажет.
Өмірін сүйікті мамандығына, еліміздің болашағына білім беруге, тәрбиелеуге арнаған әрбір ұстазға, педагогика саласының ардагерлеріне, бүгінгі мерекелі күні ерекше алғысымды білдіргім келеді. Білім сапасын арттырудағы игі бастамаларыңызға шығармашылық табыс тілеймін!
Қымбатты оқушылар! Алда жаңа оқу жылы. Сіздерге табысты білім алып, үнемі ізденіс үстінде болуларыңызға, жоғары жетістіктерге жетіп, жаңа оқу жылын мағыналы да, қызықты өткізулеріңізге тілектеспін. Ел ертеңі сіздерсіздер, қиялдарыңыз ұшқыр болып, қанаттарыңыз талмасын, жаңа оқу жылы толағай табыстарға, жаңалықтарға толы болсын!
Биылғы оқу жылының тағы бір ерекшелігі – Зияткерлік мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған 7-сынып оқушыларының қадамы Бас заңымыз Конституцияның 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл да есте қаларлық жағдай. Сондықтан, олардың білім шаңырағындағы әр сағаты қызықты сабақтармен, таңғажайып жаңалықтарымен ұштассын! Оқушыларымыздың талабы оң, қадамы құтты болсын! Сіздерді болашақта білімнің жаңа шыңдарын игеріп, бірегей жаңалықтар ашады деп сенемін.
Қадірлі достар! Жаңа оқу жылы баршаңызды үлкен жетістіктерге жетелесін! Оқуда да, еңбекте де алда болайық! Мереке құтты болсын!
Құрметпен, Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Тимур Нуркешов
WINNERS OF THE REPUBLICAN CONTEST “ZERDE”

NIS students in Taraz won prizes at the XIX Republican competition of research projects and creative works “Zerde”.  In the competition among students of grades 2-7, our intellectuals competed in the natural and mathematical direction. As a result, Danial Akylbekovich took the first place in the Stem engineering section of Computer Science Robotics and Almuhammed […]

999
700
Read more...
NIS students were recognized as winners in the Republican competition of scientific projects “Zhas Al-Farabi”

Recently, within the framework of the “Рухани жаңғыру” program, at the 10th Republican Conference of research work of students “Жас Әл-Фараби”, dedicated to the 90th anniversary of Al-Farabi KazNU, students of the NIS in Taraz were awarded prizes and letters of thanks.  As a result of the conference, Tazhikhan Kanat and Kaldybay Baryskhan took the […]

999
700
Read more...
NIS student triumphantly returned from the project” IT Hub battle”🔥

In the competition organized by the Organization of self-government of students of the Nazarbayev Intellectual School of International Baccalaureate in Astana, the student of our school Tazhikhan Madi won the prize – II place. The competition, which consisted of two stages, was held on the topic “automation of everyday tasks”. The main goal of the […]

999
700
Read more...
🌱NIS students in Taraz turned out to be among the best young geographers and computer scientists in the country.

The final stage of the republican Olympiad in geography and computer science was held in Almaty on the basis of the Haileybury school. All 22 students of Nazarbayev Intellectual Schools took prizes, the NIS piggy bank was replenished with 7 gold, 10 silver, 5 bronze medals.   Including Asylkhan Smet-silver medal in geography; Abdimanap Ermakhan-bronze […]

999
700
Read more...

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку