NIS Тараз мұғалімдері «Қазақстан мұғалімдерінің көшбасшылығы» бастамасы аясында өз зерттеулерін ұсынды

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
26.01.2021
999
700

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері «TLK – Қазақстан мұғалімдерінің көшбасшылығы» халықаралық жобасы аясында өткен №2 мектепаралық онлайн кездесуде 6 жобасын таныстырды.

Өз тәжірибелерімен және жинақтаған материалдарымен математика пәні мұғалімдері Қанат Қаражігітова, Рысбек Жүсіпназаров, Гүлнұр Ахмедиева, Рай Даниярбек, физика пәні мұғалімдері Айгүл Өмірәлиева және Ләззат Ауғамбаева, сондай-ақ ағылшын тілі мұғалімі Анар Исмагулова бөлісті.

Пленарлық бөлімде «Қазақстан мұғалімдерінің көшбасшылығы» халықаралық жобасын ұйымдастырушылар педагогтарды жоба жұмысымен таныстырып, даму жоспарын әзірлеу бойынша ұсыныстарын берді: Сорос-Қазақстан қорының Қоғамдық саясат мәселелері жөніндегі кеңесшісі Сәуле Каликова, Гүлбадан Закаева, «Школа для всех» қоғамдық білім беру қоры өкілі, Гүлмира Қанай, Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі өкілі, Шила Болл және Андерсон-Пейн Ұлыбританиядан келген жоба фасилитаторлары.

Конференция аясында Британ мектебінің фасилитаторлары қашықтықтан оқыту кезінде практиканы зерттеу жоспарын құру жолдарымен, әріптестермен өзара іс-әрекет жасаудың электрондық жоспарымен, сонымен қатар рефлексивті есеп ерекшеліктерімен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, Тараздық Зияткерлік мектеп ұстаздарының халықаралық тәжірибеге көшуі 2016 жылдан бастау алған. 4 жыл ішінде HertsCam-ға мүше мұғалімдер идеялар анықтау, деректер жинау, жоспар құрумен және іс-әрекеттерді ұйымдастырумен айналысқан. Сондай-ақ, семинарлар, мектепаралық кездесулер мен консультациялар өткізіп, процесті бағалау арқылы зерттеу жүргізген.

Мұғалімдердің біліктілігі мен көшбасшылығын арттыруға бағытталған қауымдастық негізі 23 жыл бұрын Ұлыбританияда құрылған. Бағдарлама әлемнің 17 еліндегі  1000-нан астам мектебінде жүзеге асырылып келеді.

Қазіргі уақытта Халықаралық жоба Қазақстанның 4 қаласында: Нұр-сұлтан, Алматы, Көкшетау және Тараз қалаларында енгізілді. Осы бағдарлама аясында республика бойынша 16 мектеп жұмыс істейді, оларға 200-ге жуық мұғалімдер мен мектеп басшылары тартылған.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]

 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында.

🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]

NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты.

🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀

 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді.

📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.  

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку