🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында.
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді.
Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған.
Ұстаздарымыз жаһандық жиын аясында әлемдік деңгейде мойындалған эксперттердің симпозиумдарына, постер сессияларға, шеберлік сағаттарына қатысып, тәжірибе алмасты.
Конференцияға мектебімізден Жусанбаева А.М.,Станишевская Г.А., Акимова Э.Т., Котов С.О., Сарсенбекова Н.К., Аманбаева М.А., Туктыбаева А.Е., Есжанова Г.К., қатысты.
⚜️Тараз қаласындағы НЗМ «Кәсіби бағдар» тақырыбында ерекше TEDx конференциясы өтті. Конференцияның құрметті қонағы ретінде NIS оқушысының ата-анасы, Әл-Фараби атындағы мектебінің директоры, PhD докторы Айнұр Жексембинова шақырылды. Ол өз сөзінде адам өміріндегі энергияның маңызды рөлін атап өтіп, Лала Делианың «Жоғары дірілге апаратын жол» атты кітабына негізделген тәжірибелерді ұсынды. Бұл оқушылардың ерекше қызығушылығын оятып, олардың мансаптық бағыттарын […]
⚜️Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Бакирова Фатиманың CarboNick атты химия жобасы Қытайдың Жэньджоу қаласында өткен “ICC-2024” Ұлттық финалына ұсынылды. Бұл жоба бұған дейін ЮНЕСКО ұйымдастырған «Turaqty Jol» байқауында 3 млн теңге грантын, Жамбыл облысы әкімінің «Үздік жас өнертапқыш» атағын және Республикалық ғылыми жобалар байқауында алтын медальды иеленген. ⚜️Фатима халықаралық деңгейде өз білімін дәлелдеп, әлемдік қатысушылармен […]
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]
🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.