Робототехника бойынша олимпиаданың өңірлік іріктеу кезеңі

Техникалық дарынды, талантты балаларды қолдау және олардың инновация мен жоғары технологиялар саласындағы қызығушылығын арттыру мақсатында, 2018 жылғы 28 мамыр күні Тараз қаласының физика-математика бағытындағы “Назарбаев Зияткерлік мектебі” филиалының базасында World Robot Olympiad-2018 ережелері аясында Робототехника бойынша олимпиаданың өңірлік іріктеу кезеңін ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Жарыстар бір күн ішінде келесі санаттар бойынша өткізілетін болады:

  1. Негізгі

– Кіші (12 жасқа дейін)

– Орта (13-тен 15 жасқа дейін)

– Үлкен (16-дан 19 жасқа дейін)

  1. Шығармашылық

– Кіші (12 жасқа дейін)

– Орта (13-тен 15 жасқа дейін)

– Үлкен (16-дан 19 жасқа дейін)

  1. Роботтар футболы (10-нан 19 жасқа дейін)
  2. Еркін

– Сумо. Адымдаушы роботтар.

– Кегельринг-квадро.

 

Әр топ тек бір санат бойынша қатысады. Жалпы қатысушы топтар саны шектелмеген. Топ  http://wro.nis.edu.kz/ сайтындағы WRO – 2018 ережесінде көрсетілген жас шектеулерге сай екі оқушыдан құралуы қажет. Командаларды тіркеу сілтемесі 2018 жылдың 15 сәуіріне дейін қол жетімді болады:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeqDpm2_Fn1bTrSbQU0iZdrO2uCXwWsGqtbQ94sEAnihe3mSw/viewform?c=0&w=1

“Негізгі”, “Шығармашылық” және “Роботтар футболы” санаттары бойынша орын алған топтар 2018 жылғы 23-24 маусымға жоспарланған ЭКСПО Конгресс орталығында өтетін Республикалық робототехника бойынша чемпионатқа (Астана) қатысуға жолдама алады.

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку