Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сыныптарында 2019-2020 оқу жылында білім алу үшін білім беруТараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сыныптарында 2019-2020 оқу жылында білім алу үші грантын тағайындау жөнінде конкурс жарияланады

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2019-2020 оқу жылына оқушылар контингентін қалыптастыру мақсатында, 7 сыныптарда білім алу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс жариялайды.

Құжаттарды қабылдау 2018 жылғы 26 қараша мен 2019 жылғы 19 қаңтар аралығында жүргізіледі.

Зияткерлік мектепке түсуге іріктеу конкурсына қатысу үшін үміткер келесі құжаттарды тапсырады:

1)           Байқауға қатысу үшін оқушының оқу тілінде жазылған өтініш беру;

2)           Сауалнама толтыру;

3)           Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткер ЖСН, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі, заңды өкілінің ЖСН көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;

4)           086/у медициналық анықтама  формасы, флюорографиямен/ манту сынамасымен;

5)           Үміткердің тұрғылықты орнынан анықтама. Анықтама өтініш берілетін күннен 10 күн бұрын алынуы тиіс;

6)           Үміткердің соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса оқу жылының I жарты  жылдығындағы үлгерімі мен тәртібінің табелінің көшірмесі. Талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім ұйымының мөрімен бекітілуі керек (Ескерту: құжаттарды 6 сыныптың 1-ші жарты жылдығы аяқталғанға дейін тапсырсаңыз 5 сыныптың табелі қабылданады, 6 сыныптың 1-ші жарты жылдығы аяқталған соң тапсырсаңыз 6 сыныптың 1-ші  жарты жылдық табелі қабылданады);

Білім беру деңгейі мен оқу бағдарламасының айырмашылығы салдарынан Қазақстан Республикасының білім мекемелерінің сыныптарынан өзгеше болатын шетелдік білім беру мекемелері мен халықаралық мектептердің оқушыларынан басқа жалпы орта мектептің 7-9 және 11 сыныптарын толық аяқтаған үміткерлердің Зияткерлік мектептердің осы сыныптарында қайта білім алуға үміттенуіне құқықтары жоқ.

6-1)   Оқу бағдарламасы және бағалау шкалалары Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының оқу бағдарламары мен бағалау шкалаларынан ерекшеленетін  шетелдік білім беру ұйымдарында немесе халықаралық мектептерде оқитын үміткерлер оқитын мектебінен бағдарламаның мазмұны мен бағалау шкалаларын түсіндіретін ресми хаттар оқу үлгерімі табеліне (бағалау транскрипті) қоса тіркеледі.

7)           Үміткердің 3х4 фотосы – 2 дана.

Көрсетілген барлық құжаттар пластикалық тезтікпеге салынады.

Құжаттарды қабылдамауға негіз болып табыла алады:

–       – Байқауға іріктеуге қатысуға белгіленген  мерзімінен өтінішті кешіктіріп берген жағдайда;

– Көрсетілген құжаттардан басқа құжаттары толық болмаған жағдайда.




 

Құжаттарды қабылдау 2018 жылғы 26 қараша мен 2019 жылғы 19 қаңтар аралығында келесі мекен-жай бойынша жүргізіледі:

Тараз қ., Арай массиві, Домалақ ана к. 266 үй, тел.: 8 (7262) 99-98-55 , 8 (7262) 99-98-56

Тестілеу 2019 жылғы 2-3 наурыз күндері өтеді. Толық ақпаратты www.nis.edu.kz веб-сайтының «Үміткерлерге» бөлімінен алуға болады.

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку