Конкурстық іріктеу өткізу туралы!

Құрметті ата-аналар мен үміткерлер!

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқуға үміткерлерді конкурстық іріктеу 2020 жылдың 20-21 маусымында өтеді. Коронавирустық инфекцияның (COVID-19) алдын алу бойынша санитарлық және эпидемияға қарсы шаралардың күшейтілуіне байланысты конкурстық іріктеуден өту кезінде келесі ережелерді сақтауды сұраймыз.

Мектеп аумағына тек қана маска киген үміткерлер жіберіледі! (Өзімен бірге ауыстыру үшін қосымша маска болуы керек).

Термометрия нәтижесінде дене қызуы көтерілгені (38 және одан жоғары) анықталған үміткерлер тестілеу үшін мектеп ғимаратына жіберілмейді.

Үміткер мектеп аумағында және ғимаратында жүргенде, сондай-ақ тестілеуге тіркелу кезінде:

  1. басқа үміткерлермен 1 метрден кем емес қашықтықты сақтау және едендік белгілер бойынша қозғалу керек;
  2. мектеп ғимаратына кіре берісте аяқ киімнің табанын дезинфекциялау кілемшесінде дезинфекциялау құралымен зарарсыздандыру керек;
  3. қолды антисептикпен өңдеу керек;
  4. байланыссыз термометриядан өтуі керек;
  5. тұлғаны сәйкестендіру рәсімі кезінде масканы шешу керек (бір рет пайдаланылған маскаларды екінші рет қолдануға болмайды), үміткердің тұлғасы сәйкестендірілгеннен кейін жаңа маска киіп, қолды антисептикпен қайта өңдеу керек;
  6. бір рет пайдаланылған медициналық маскаларды қақпақтары жабық жәшіктерге лақтыру керек.

 

Өзімен бірге келесі заттар болуы керек:

  1. медициналық маска;
  2. рұқсат қағазы;
  3. қара сиясы бар шарикті қалам (гельді емес);
  4. заттаңбасы жоқ бөтелкеде су алуға болады.

 

Тыйым салынған заттар

Тестілеу кезінде келесі заттардың болуына жол берілмейді:

1. ұялы телефон 7. кітаптар 12. сызбалар
2. фото/бейнеқұрылғылар 8. сөздіктер 13. циркуль
3. қарындаштар мен өшіргіштер 9. сызғыштар 14. тамақ және сусындар (судан басқа)
4. маркерлер 10. сөмке 15. жазуқұрылғылары
5. калькуляторлар 11. блокноттар 16. басқаэлектрондыққұрылғылар (смарт-сағат)
6. құлаққаптар

Тыйым салынған заттардың бар-жоғын алдын ала тексеріп, оларды үйде қалдыруыңызды сұраймыз!

 

Үміткерде тестілеу кезінде тыйым салынған заттар табылған жағдайда үміткер аудиториядан шығарылады және оның тестілеу нәтижелері жойылады.

 

Тестілеуді өткізу күні мен уақыты (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша)

20 маусым 21 маусым
I КЕЗЕҢ (ТАҢЕРТЕҢ) I КЕЗЕҢ (ТАҢЕРТЕҢ)
– тіркеу: 08.00-09.30 – тіркеу: 08.00-09.30
– нұсқаулық: 09.40-10.00 – нұсқаулық: 09.40-10.00
– тестілеудің басталуы: 10.00 – тестілеудің басталуы: 10.00
– тестілеудің аяқталуы: 11.30 – тестілеудің аяқталуы: 12.00
IIКЕЗЕҢ(ТҮСТЕН КЕЙІН) IIКЕЗЕҢ(ТҮСТЕН КЕЙІН)
– тіркеу: 13.00 – 14.30 – тіркеу: 13.00 – 14.30
– нұсқаулық: 14.40 – 15.00 – нұсқаулық: 14.40 – 15.00
– тестілеудің басталуы: 15.00 – тестілеудің басталуы: 15.00
– тестілеудің аяқталуы: 16.30 – тестілеудің аяқталуы: 17.00

Тіркеуге кешіккен үміткер тестілеуге қатысуға жіберілмейді!

 

Барлық 20 Назарбаев Зияткерлік мектептер үшін тіркеу Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 09:31 және 14:31-де жабылады, үміткерлерді аталған уақыттан кейін кіргізуге рұқсат берілмейді.

 

Құрметті ата-аналар!

Үміткерде COVID-19 симптомдары болған жағдайда (құрғақ жөтел, жоғары дене қызуы, тыныс алу қиындығы, ентігу және т. б.), конкурстық іріктеуге қатыспауыңызды, 103 телефон нөмірі арқылы  «жедел жәрдем» шақырып, денсаулық сақтау ұйымдарымен хабарласып, өз-өзіңізді оқшаулауды сұраймыз.

Басқа үміткерлер үшін қауіп төндірмеулеріңізді сұраймыз!

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку