Жатақханада босаған орынға байқау

Құрметті ата-аналар!

2017-2018 оқу жылында  2018 жылдың 3 – 11 қаңтары аралығында  жатақханада босаған  орынға (қыз бала)   ата-аналар арызы мен тиісті құжаттар  қабылданатынын хабарлаймыз.

Құжаттар қабылдау кестесі: дүйсенбі-жұма –  сағ. 09:00 – 17:00, түскі үзіліс уақыты – 13:00-14:00, 6-7 қаңтар 2018 ж. – демалыс.

 

Өтініш беруші ата-ана келесі құжаттарды бірге тапсырады:

  1. Оқушының және заңды тұлғаларының (ата-анасы, асырап алушы, ҚР заңдарына сай оқушының құқығын қорғаушы, оқушыға қамқорлық көрсетуші, оның білім алуы мен тәрбиесіне жауапты тұлғалар) «Халыққа қызмет көрсету оралығынан» алынған мекен-жайы туралы анықтамалары. Бұл жерде мекен-жай бойынша тіркелген уақыты 1 жылдан кем емес болуы шарт;
  2. Заңды тұлғалардың еңбекақысы туралы анықтамалары, ЗТМО (ГЦВП) зейнетақылық аударымы туралы соңғы 6 айдың көшірмесі. Заңды тұлғалары жұмыссыз болған жағдайда жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы жергілікті атқарушы органның анықтамасы;
  3. Балаларының тууы туралы куәліктерінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  4. Заңды тұлғалары І, ІІ немесе III топ мүгедегі болған жағдайда мүгедектігі туралы анықтама;
  5. Аз қамтылған отбасы ретінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындығы туралы анықтама.

5-1. Арыз беруші мен отбасының тұрмысы қолайсыз отбасы ретінде тіркелгендігін растайтын ішкі істер бөлімінің немесе жергілікті атқарушы органдарының берген анықтамасы (болған жағдайда);

  1. Жеке төлқұжат, оқушының суреті 6х9-2 дана, туу туралы куәлігінің көшірмесі (немесе жеке төл құжатының көшірмесі) және файл папкасы

Жатақханадан орын алуға құқысы бар оқушылар санатына төменде кезеңдермен көрсетілген оқушылар жатады:

      Зияткерлік мектептердің жатақханалары оқыту кезеңінде тұрғын үйге мұқтаж сонымен қатар «Өркен» білім грантының иегерлерін өмір сүру жағдайымен және тәрбиемен қамтамасыз етеді:

зияткерлік мектептердің орналасқан жерінен тыс аудандар мен қалаларда тұратын оқушылар;

балалар үйінің тәрбиеленушілері;

   

 

 Жатақханадан орын беру туралы шешім қабылдау кезінде комиссия мүшелерімен, бірінші кезекте осы ереженің 2-тармағында көрсетілген санатқа жататын оқушылардың өтініш берілген күннен бастап құжаттары қаралады.

Егер бір санатқа жататын бірнеше оқушылар өтініштерін бір күнде тапсырса, онда өтініштің тіркелген уақыты да ескеріледі.

Осы ереженің 2-тармағына және 5-тармағында көрсетілген санаттарға жатпайтын оқушыларға орын беру тәртібі мен кезегі өтініштердің берілген күні мен уақытына қарай ескеріледі.

Жатақханаға қабылдау тәртібі                                                                                            Мектеп директорының бұйрығымен оқушыларға жатақханадан орын беру үшін комиссия жасақталады. Комиссия жоғарыда көрсетілген құжаттарға, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жатақхана қызметі туралы ережесіне сүйене отырып оқушыларға орын береді. Қажет болған жағдайда комиссия мүшелері қажетті деректерді, отбасының тұрмыстық ахуалын анықтауға шыға алады.

 

Комиссия отырысының шешімі туралы ақпарат ата-ана қалдырған байланыс телефонына қосымша хабарланатын болады.

          Тараз  қаласындағы «физика-математикалық бағыттағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің» мекен-жайы:

Тараз қаласы, Домалақ- ана көшеci №266

 

www.nis.edu.kz.

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку