Қала ішіндегі саяхат

Тараз қаласындағы Зияткерлік мектептің 7 сынып оқушыларының туған өлке тарихына танымдылық қызығушылықтарын арттыру, патриоттық сезімдерін ояту, қалаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында Тараз қаласының көрнекті жерлеріне ағымдағы жылдың 7 қазан күні кішігірім саяхат ұйымдастырылды. Саяхат кезінде оқушылармен бірге олардың кураторлары және ата-аналары болды.

«Алтын керуен» туристік агенттігінің гид қызметкерлері саяхат барысында қаламыздың мәдени-тарихи, ойын-сауық объектілері: Қазақ хандығының  550 жылдығына құрылған мемориалдық кешен, Айша бибі, Бабажы қатын, Қарахан баба кесенелері, «Көне Тараз» мемориалдық кешені, Балуан шолақ, Көшек батыр ескерткіштері, «Тараз-Арена» спорт кешендерімен таныстырып, тарихын баяндады.

Саяхаттан алған әдемі әсерлерімен оқушылар үш тілде жазатын шығармаларында бөлісетіндерін айтты.

IMG-20171007-WA0093 IMG-20171007-WA0080 IMG-20171007-WA0076 IMG-20171007-WA0068 IMG-20171007-WA0055 20171007_101535 20171007_092527 IMG-20171007-WA0100