Сардар қыздары бас жүлде алды

Тараздағы Зияткерлік мектептің «Сардар» әскери-патриоттық клубы облыстық жарыста топ жарып бас жүлдені иеленді. Облыстық сайыс  әскери-патриоттық клубтар арасында өткен. Клубқа мүше қыздар жарыста автоматты бөлшектеу және жинау, пневматикалық мылтықпен оқ ату, страйкбол, лазертаг номинациялары бойынша өнер көрсетіп үздік нәтижеге жеткен. Жеңімпаздарды клуб жетекшісі, АӘД пәні мұғалімі Ғани Аденов дайындаған. – Ұл балалармен қатар, қыздарды да […]


Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар анықталды

Тараздағы Зияткерлік мектепте волейболдан ІІ-аймақтық спартакиада мәресіне жетті. Жүзден жүйріктер анықталып, марапаттар өз иелерін тапты. Дәстүрлі додағаӨскемен, Павлодар, Талдықорған, Қостанай, Семей, Петропавл және Тараз қалаларындағы Зияткерлік мектептерден 100-ден  астам  оқушы қатысып өзара сынға түсті. Тартысты ойыннан бөлек спартакиаданың әр күні мәдени-көпшілік іс-шараларға да толы болды. Олардың арасында «Танысу шеңбері» тренингі, «Караоке-батл», «Би-батл», «IQ Game» квест […]


300-ден астам оқушы арасында топ жарды

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Таразда өткен «Бірінші жастар ойындары» облыстық жарысында топ жарды. 300-ден астам мектеп оқушылары қатысқан спорттық сайыста Абылайхан Әбілхан ұзындыққа секіруден екінші орынды еншілесе, Елнұр Абдуалиев 100 метрге жүгіруден үшінші орынды жеңіп алған. Сондай-ақ, мектептің волейболдан қыздар командасы жеңіс тұғырының үшінші орнынан көрінді. Шара Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің  қолдауымен  қазіргі таңда […]


НЗМ ТАРАЗ ОҚУШЫЛАРЫ – «САРДАР» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің үш оқушысы –Санжар Алмасбеков, Бекнұр Есжанов және Мұрат Тойшыбаев «Сардар» VI Республикалық кешенді олимпиадасында жалпы командалық есепте үшінші орынды иеленді. Екі күн ішінде ел аймағындағы «Жас ұлан» республикалық мектептері, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер, лицейлер мен  жалпы білім беретін мектептердің 60-тан астам оқушысы теориялық және практикалық білімдерімен сынға түсті. Олимпиадаға […]


Тараздық НЗМ құрамасы үздік үштікте

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ата-аналар командасы өңірлік спартакиаданың жеңімпаздар қатарында. Шымкент, Қызылорда және Тараз қалаларындағы Зияткерлік мектептерінің ата-аналары арасында ұйымдастырылған спорттық жарыста Тараздық құрама қола медальді иеленді. Ерекше жақсы нәтижені мектеп командасы әйелдер арасындағы үстел теннисінен көрсеткен. Спартакиада Шымкенттің химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектебінде өтіп, аталған оқу орнының 6-жылдық мерейтойына арналған. Ата-аналар волейбол, шағын футбол, […]


Үздіктер қатарынан көрінді

Шымкентте өткен спорттық жарыста Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдер командасы 2 орынға ие болды. 10 ақпанда Шымкент қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 5 жылдық мерейтойына орай мектеп директорының кубогы үшін жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінен басқа 6 команда қатысты, олар: Атырау, Алматы қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері, Шымкент қаласындағы физика-математикалық және химия-биологиялық бағыттарындағы […]


«Шынықсаң шымыр боласың»

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Ғылыми – тәжірибелік дене шынықтыру орталығының» ұйымдастыруымен 21, 22 қазан күндері аталмыш білім басқармасына қарасты мекемелер, мектеп-интернаттар және балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен оқушылары арасында XI Спартакиада өтті. Облыстық спартакиаданың ұйымдастырылу мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене тәрбиесі мен бұқаралық спорт жүйесін дамыту, оқушылар үшін коллаборативті орта қалыптастыру […]


НЗМ-нің ең үздік шахматшылары

Шахматтан турнир Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында Қарағанды қаласы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектеп базасында үстіміздегі жылдың 13, 14 қазан күні өтті. Турнир жыл сайын “Назарбаев Зияткерлік мектептері” дербес білім беру ұйымының бастамасымен ұйымдастырылады. Турнирді өткізудің мақсаты ежелгі ойынды оқушылар арасында насихаттау, олардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар республикалық шахмат турниріне іріктеу болатын. Тараз […]