Зияткерлік мектептегі Денсаулық күніне 1500-ден астам адам қатысты

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
28.09.2019
999
700

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі өткізген Денсаулық күніне 1500-ден астам адам қатысты. Мектеп қызметкерлері, оқушылар мен олардың ата-аналары арасында түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылды.

Ауқымды жиынды мектеп директоры Тимур Нуркешов ашып, шараның салауатты өмір салтын қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті. Мектептің спорт алаңына жиналған қауым таңғы жаттығудан соң топтарға бөлініп, алуан түрлі спорттық жарыстар мен ойындарға белсене қатысты.

– Бүгін біз балаларымызбен бірге денсаулық күні аясындағы спорттық ойындарға қатысуға келдік. Ауа райы да, көңіл күйіміз де тамаша. Ашық аспан астында спортпен шұғылданып, жанұямызбен бірге уақытты көңілді өткізіп жатырмыз. Шараны ұйымдастырған мектебімізге алғысымыз шексіз, – деді ата-ана Раушан Түзелбаева.

Айта кету керек, Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушы, ұстаз, ата-ана үштігінің басын қосатын түрлі спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Игі дәстүр алдағы уақытта да жалғасын табады дейді ұйымдастырушылар.

Қызықты әрі мазмұнды өткен Денсаулық күні қатысушылардың жаппай спорттық би билеуімен аяқталды.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]

 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында.

🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]

NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты.

🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀

 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді.

📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.  

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку