«Жаңа дәуірдің мектебі» Х халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
29.10.2018
999
700

Астанада «Жаңа дәуірдің мектебі» Х халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Ол «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның он жылдығына арналды.

Осы жолы дәстүрлі жиын әлемнің түкпір-түкпірінен келген 20-дан астам мемлекеттің 2 мыңға жуық өкілінің басын қосып, рекордтты жиындар қатарына кірді. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен облыстық әкімдіктер арасында жасасқан меморандумдар аясында конференцияға Қазақстанның   өңірлерінен білім  беру саласының 700 маманы қатысты. Ең үлкен делегациялар қатарын Қарағанды облысы мен Астана қаласының өкілдері толықтырды.

         Ашылу салтанатына ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев пен Назарбаев Университетенің президенті Шигео Катсу және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ төрайымы Күләш Шәмшидинова қатысты.

–  «Біздің жыл сайын өткізетін халықаралық  конференциямыз мемлекетіміздің және алыс-жақын шет елдерден келген білім беру жүйесінің өкілдері үшін тәжірибе алмасу алаңына айналды. Бұл конференция-мерейтойлық және Зияткерлік мектептердің он жылдығына арналады», – деді жиында сөз алған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова.

Дәстүрге сай, әлем мойындаған сарапшылар мен ғалымдар мінберден сөз алды. Басты баяндамашылардың қатарында Кембридж Университетінің білім беру факультетінің деканы Сьюзан Робертсон, Лондон университеті білім беру колледжінің құрметті профессоры, «қарымды  білім» теориясының авторы Майкл Янг, Гонконг университетінің білім беру саясаты департаментінің директоры Кай-Минг Ченг, EduCluster Finland сыртқы байланыстар және инновация жөніндегі директор Дэвид Марш, Массачусетс технологиялық институтының профессоры Томас Хсу, сондай-ақ білім беру саласындағы әлемге әйгілі ғалымдар мен топ-менеджерлер қатысты.

Көкшетау, Семей, Қарағанды, Тараз, БҚО-тарындағы орта мектеп мұғалімдерінің оқыған баяндамалары көптің қызығушылығын туғызды.
Орта білім беру саласындағы зерттеулерге сұраныс бар екені баяндамалардың атауларынан ақ белгілі: «Білім беруді басқарудағы көшбасшылық» Гүлжанат Абдрахманова  Астана қаласынан,  «Білім берудің жаңартылған мазмұны педагогты көшбасшыға айналдыру» Ақсайдан келген мұғалімдер Гүлнара Есмағұлова мен Ирина Ольховиктің баяндамасы.

Конференцияның көркін ашқан шаралардың бірі – Халықаралық Гуманистік педагогика орталығының президенті, жазушы Паата Амонашвилидің, елімізге танымал журналист Гүлнар Бажкенованың, екітілді және үштілді бағдарламалар саласындағы халықаралық ғылыми кеңесші Питер Мехистоның, методологиялық оқыту мен білім алмасу саласының маманы Дэвид Марштың қатысуымен өткен автограф-сессия болды.

Конференция 12 бағыт бойынша 50 ден астам іс-шараларды қамтыды. Биылғы жылдың ерекшеліктерінің бірі – «Оқушы дауысы» жобасы алғаш рет тәрбиеленушілердің қатысуымен өтіп қазақстандағы халықаралық бакалавриат мектебінің жұмысы таныстырылды. Сондай-ақ алғаш рет  инклюзивті білім беру бойынша секция ұйымдастырылды.

Басты тақырыптырдың ішінде – жаңа уақыт пен білім беру жүйесіндегі орнықты өзгерістер, оқытушылар мен студенттер үшін қауіпсіз ортаны құру, сондай-ақ білім берудегі сандық технологиялар.

Конференция барысында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Францияның Қазақстандағы елшілігі мен Bilimkana жекеменшік мектептер желісі (Қырғызстан), және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Бүгінгі күні астаналық конференция – дүниежізілік және отандық білім беру саласының келелі мәселелеріне арналған ғылым әлеміндегі беделді жиындардың біріне айналды.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку