Наурыз кездесулері аяқталды

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
21.03.2018
999
700

Астанада оқушылар үшін ауқымды ғылыми алаңға айналған “Болашақтың қаласы: Астана архитектурасы” атты VIII Наурыз кездесулері өз мәресіне жетті. Дәстүрлі ғылыми шара Назарбаев Зияткерлік мектептері, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептерден келген 200-ден астам оқушының басын қосты.

Қатысушылар Астана архитектурасына арналған 90 жоба ұсынды. Жобалар ақылды және қауіпсіз қала, 2050 жылғы Астананың футуромоделі, жасыл энергия және экологиялық таза технологиялар, архитектурадағы хай-тек тақырыптарын қамтыды.

Сондай-ақ, көктемгі кездесулер шеңберінде белгілі қазақстандық және шетелдік сәулетшілер дәріс оқыды, олардың ішінде Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ Сәулет және құрылыс институтының директоры Болат Құспанғалиев, ҚазБСҚА ректоры Ерік Бесімбаев, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, “Хазірет Сұлтан” мешіті және “Триумфальная арка” жобаларының  авторы Сағындық Джамбулатов, “Астана Жұлдызы” және “Бәйтерек” жобаларының авторы Саматбек Бөкебаев болды. Айтулы шараның арнайы қонағы ретінде “Sergio Ferrandi Bureau” бас сәулетшісі,  италияндық Серджио Ферранди келіп, “Smart cities: Еуропа және Қазақстан” атты интерактивті дәрісін оқыды.

Сегізінші рет өткізіліп отырған дәстүрлі кездесуде Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары келесі нәтижеге қол жеткізді:

Қайраткызы Айгерім, 12-сынып оқушысы – ІІІ дәрежелі диплом, “High Tech city Astana”  номинациясы бойынша, Кіші сәулет нысаны: “Семирамида” жобасы (жетекшісі – Мусарова В. А., биология мұғалімі);

Мұқанов Диас, 10-сынып оқушысы – диплом, “Үздік архитектуралық шешім” номинация бойынша, “Тұрақтың автоматтандырылған шлагбаумы” жобасы (жетекшісі – Жұмағалиев С. М., информатика пәні модератор-мұғалімі);

Смат Айдана, 10 сынып оқушысы – диплом,”Үздік жасыл ғарыш” номинациясы бойынша, “Отбасы” мүсіндік ансамблі жобасы (жетекшілері – Пак Е. Л., өнер пәні сарапшы- мұғалімі, Есбулганова А. Ш., өнер пәні мұғалімі);

Оңласын Саяжан, 9-сынып оқушысы – диплом, “Үздік түпнұсқа прототипі” номинациясы бойынша, “Көркем” өнер орталығы жобасы (жетекшілері – Пак Е. Л., өнер пәні сарапшы- мұғалімі, Есбулганова А. Ш., өнер пәні мұғалімі).

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку