Тараздық жас делегация Қостанай облысында болып қайтты

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
30.10.2018
999
700

21-25 қазан аралығында Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің “Атамекен” шаңырағы “Туған елге тағзым” өлкетану-зерттеу экспедициясына қатысты.

Жоба аясында оқу, шығармашылық, спорттық және ғылыми жетістіктері үшін іріктелген 12 делегаттан тұратын экспедициялық топ Қостанай қаласы мен облыстың көрікті жерлерін зерттеуге аттанды.

Балалар саяхатын Қостанай қаласының тарихи-өлкетану мұражайынан бастады, онда Торғай облысынан І және ІІ шақырылған Мемлекеттік Думаның депутаты Ахмет Бірімжановтың қызметімен танысты. Сондай-ақ, өздерінің жерлесі Әбілхайыр ханның өмірі туралы қызықты мәліметтер алды.

Экспедицияның келесі нүктесі “Жеңіс” саябағы болды, онда балалар Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған жауынгерлерге тағзым етті.  Саябақта қатарласа тізілген соғыс кезінде пайдаланылған әскери техника оқушыларға ерекше әсер қалдырды.

Қостанай облысының тарихи ескерткіштерінен балалар Ы.Алтынсарин мемориалдық кешенінде болды. Педагог-ағартушының өмірінен көптеген қызықты деректер алып, облыс бойынша Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептер картасын зерттеп қайтты. Тың жерлерді игерудің 30 жылдығына арналған “Тың игерушілерге” архитектуралық монументі де жас зерттеушілердің қызығушылығын тудырды.

Рудный қаласында экспедиция қатысушылары елдегі ірі “Соколов-Сарыбай” тау-кен байыту кәсіпорнының ұжымымен кездесіп, темір кенді шекемтастарды өндіру процесін зерттеді.

Оқушылардың пікірінше, ең қызықтысы “Қазақ тұлпары” жылқы зауытындағы саяхат болды. Гофман Виталий Владимирович – ат зауыты директорының орынбасары балаларға Жамбыл облысының “Луговой жылқы зауытымен” сирек тұқымды жылқыларды өсіру жөніндегі алдағы бірлескен жоспарлары туралы әңгімелеп берді.

Өнеркәсіп орындарының тізімінде келесі “Қостанай ұн комбинаты” акционерлік қоғамы болды, ол Қазақстанда ұн және макарон өнімдерін өндіру бойынша көшбасшы болып табылады және тіпті ТМД-дағы ең ірі макарон өндірушілердің бестігіне кіреді екен. Балалар макарон өнімдерін өндіру және дайын өнімді сақтау қоймасына жіберу үдерісінің куәсі болды.

Қостанай облысының табиғи байлықтарын оқушылар ондағы Наурызым және Әулиекөл аудандарында орналасқан Наурызым мемлекеттік табиғи қорығында толық көре алды. Осы жерде 40 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан Мария Зеленцова өлке ерекшеліктері мен қорықтың қызметі туралы айтып берді. Танымдық экскурсия жергілікті орманшылармен танысумен жалғасты.

– Біз орманшының жұмысымен жақынырақ таныстық. Олар бізге орман өмірінен қызықты сәттерді айтып берді. Сол жерде мекендейтін қасқырлар орманшыларға тимейтіні мені таң қалдырды.  Керісінше, олар қорықты қорғауға көмектеседі екен, – деді Тараз қаласындағы Зияткерлік мектептің 9-сынып оқушысы Аяжан Кемелбек.

Саяхаттың соңғы нүктесі Заречный кентіндегі “Арғымақ” ипподромы болды, онда жыл сайын бәйге, көкпар, аударыспақ, қыз қуу, теңге ілу және жамбы ату бойынша жарыстар ұйымдастырылады екен. Жергілікті шебер спортшылар қонақтарға қыз қуу ұлттық ойынынан үзінді көрсетті.

Қостанай Зияткерлік мектебінің шебер балалары достарына қолдан жасалған қымыз сақтауға арналған дәстүрлі қазақ ыдысы – торсық кәдесыйын сыйлады. Сонымен қатар, қонақтар үшін “Қостанай картасы”, “Фотожорық” және т. б. ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.

Экспедицияның соңғы күні Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-ұйымдастырушы-кураторы Нұрбол Аманбеков Қостанай мектебіне алғыс ретінде өзі шығарған өлеңін арнады:

 

Қ О С Т А Н А Й

 

Бұл мекен астықтың өлкесі

Көп болсын алар биік белесі

Елімнің кең жазира даласына,

Жүрегімнен жыр арнадым келесі

 

Мен көрдім Қостанайдың қасиетін

Тыңдадым ұлылардың өсиетін

Бас иемін қонақжайлы халқына,

Сүйетұғын тарихы мен туған жерін

 

Ұмытпаймыз батырлардың ерлігін

Ойлаған ел ертеңі мен елдігін

Өшпес мәңгі есімдерін,

Қадір тұтып,құрметтейді ел бүгін

 

Соколов – Сарыбай кен өндіру аймағы

Байлық көп терең жатқан сайдағы

Өндірісі өркендеп жанған сайын,

Жарқырасын жұлдызы маңдайдағы

 

Асыл тұқым әрі текті жылқылар

Кез келген оларды көріп қызығар

Күн шыққанымен Қостанайда,

Бетіңді тоңдырар суық ызғар

 

Халқымның ұлттық ойындары

Қазақтың нағыз палуан ұлдары

Әрқашан да жарыстарда,

Жеңісті болсын ақ жолдары!

 

Алтын,мыс өндіреді Таранында

Жұмыспен қамтылған халық мұнда

«Туған елге тағзым» жобасының

Ғұмыры ұзақ болсын жылдан жылға

 

Науырызымның флорасы мен фаунасы

Қазағымның кең байтақ даласы

Міне осындай көркем де керемет,

Қазақстанның Қостанай деген қаласы

 

Көріскенше Қостанай құтты мекен!

Қайта айналып,қауышуға ынтық еткен

Тамаша табиғатқа тамсандырып,

Оралуға Нұрболды асық еткен!

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку