Онлайн режимінде өткен алғашқы қоңырау

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
01.09.2020
999
700

1 қыркүйек күні тараздық Зияткерлік мектебінде дәстүрлі жиын онлайн форматта өтті. «Конституция – мемлекет тәуелсіздігінің негізі» атты іс-шара еліміздің Негізгі Заңы – Конституцияның 25 жылдығына арналды.

Шараға тікелей эфир арқылы осы жылы оқуға кірісетін 716 оқушы, оның ішінде жаңадан қабылданған 109 жетінші сынып оқушылары қатысты. Сонымен қатар қызметкерлер мен ата-аналар шақырылды.

Отыз минуттық линейкада әндер мен құттықтаулар айтылды, 7-сынып оқушыларының орындауында динамикалық флешмоб орындалды. Әрине басты оқиға, алғашқы қоңыраудың соғылуы. Қоңырауды соғу құрметі НЗМ-ге түсу кезінде ең жоғары бал жинаған Айбатыр Амангелдіге берілді.

Мереке соңында мектеп директоры мұғалімдерге «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованың құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті. Олар химия пәнінің модератор-мұғалімі Станислав Котовқа, математика пәнінің модератор-мұғалімі Бақыт Бұхарбековаға, химия мұғалімі Ғазиза Жүсіпназароваға және физика пәнінің сарапшы-мұғалімі Мирлан Джусамбаевқа берілді. Басты марапат «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі тарих пәнінің сарапшы-мұғалімі Любовь Исатаева табысталды.

2019-2020 оқу жылы 4-тоқсандағы пандемияға байланысты қиындықтарға қарамастан, оқушылардың оқиғалары мен жетістіктеріне толы болды. Сонымен, 67 оқушы республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жүлдегерлері атанды. 9-дан астам авторлық құқықтар мен патенттер қорғалды.

Өткен жылы Тараздағы Зияткерлік мектепті 112 түлек аяқтады. Оның 35%-дан астамы (40 адам) Назарбаев Университетінде оқуға шақыру алды. Он бір түлек Германия, АҚШ, Польша, Ресей, Венгрия, Қытай және Италия университеттеріне грант жеңіп алды.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку