Таразская Интеллектуальная школа провела творческий вечер «Ұлы Дала мұрагерлері»

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
29.11.2019
999
700

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушылары Тұңғыш Президент күніне арнап «Ұлы Дала мұрагерлері» атты шығармашылық кешін өткізді. Концерттік бағдарламаның негізгі мазмұны Абайдың 175 жылдығы, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы мен Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойлары аясында өрбіді.

Кешті мыңға жуық көрермен «Баласағұн» мәдениет сарайында тамашалады. Олардың арасында Зияткерлік мектеп қауымы, серіктес ұйымдар, әлеуметтік орталық өкілдері мен басқа да қонақтар болды.

Бағдарлама оқушылардың ғылыми жәрмеңкесі мен шығармашылық алаңдарын қамтыған көрмеден бастау алды.  Жайылымдағы малдың орнын анықтайтын GPS құрылғы, ғарыш кемелері, түрлі қуатты зымырандар, сүт қалдықтарынан құрғақ сарысу өндретін бизнес жоба, Жамбыл маңындағы петроглиф мағыналарын ашу, өңірдің туризмдік бағыттарын дамыту секілді оқушылардың еңбектері ұсынылды.

Сонымен қатар, қосымша білім беру курсы бойынша киіз және жүн өнімдерінен бұйым жасау, тоқыма және тігін шеберханасы, ағашты өрнектеу, бейнелеу өнерімен айналысатын оқушылардың туындылары қойылды.

Оқушылар ұлттық аспаптарда Құрманғазының күйлерін ойнап, «Қазақтың 100 әні» жобасындағы әндерден попури орындады. «Арманшылдар» театрландырылған көрінісі арқылы зияткерлер болашағынан зор үміт күткен, елі мен жері үшін адал еңбек ететін білімді жастар туралы баяндады. Мерейлі кештің ажарын 50 оқушының қатысуымен өткен «Ұлы дала мұрагерлері» хореографиялық композициясы ашты.

«Ұлы дала мұрагерлері» концерті аясында Зияткерлік мектептердің «Екі апта ауылда», «Ата-ана жұмысында 10 күн», «Туған елге тағзым» сынды жазғы әлеуметтік тәжірибелері мен жобаларының орындалуы көрініс тапты. Кеш соңында Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Тимур Нуркешов қонақтарды алдағы мерекелермен құттықтады:

– Құрметті қауым, сіз бен біз болып еліміздің ертеңгі тұтқасын ұстар ұрпақты тәрбиелеудеміз. Өзімізге жүктелген жауапты істі бірге абыроймен атқарып, ел дамуына үлес қосайық. Біздің барлық бастамамызға қолдау білдіріп, сенім артқан әрбіріңізге алғыс білдіремін. Келе жатқан шуақты мерекелеріңіз құтты болсын,  – деді мектеп басшысы.

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2018 жылдың күзінде Халықаралық мектептер кеңесінің (CIS) аккредиттеуінен өтіп, беделді әлемдік ұйымның мүшесі атанды. Елеулі көрсеткіштер арасында оқушылардың сан алуан халықаралық және республикалық байқаулардағы жетістіктері де баршылық. Бүгінге дейін мектептен 488 түлек шыққан. Олардың 40-қа жуығы әлемнің беделді университеттеріне түссе, 90-нан астамы Назарбаев Университетінде білім алуда. Ал, 95%-дан астамы мемлекеттік гранттарға ие болған.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]

 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында.

🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]

NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты.

🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀

 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді.

📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.  

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку