Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне 5 жыл

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
30.09.2018
999
700

2018 жылдың 24 мен 29 қыркүйегі аралығында Тараздағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 5 жылдық мерейтойын атап өтті. Аптаға созылған мереке аясында білім ордасының мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар қауымы бірлесуімен зияткерлік, танымдық, спорттық шаралар ұйымдастырылды.

Мерейтойлық апталық қорытындысы «Баласағұн» орталық концерт залында «Бес жылдың белесінде» атты есеп беру концертімен жалғасты. Кеште мектеп оқушылары домбыра бастаған музыкалық аспаптарда қазақтың 100 әнінен попурри орындап, ұлттық би мен күйден шашу шашты. 5 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктерге шолу жасалып, тәрбие жұмысы аясындағы «Туған елге тағзым», «Екі апта ауылда», «10 күн ата-ананың жұмысында» әлеуметтік жобалары қорытындыланды.  Сонымен қатар, түрлі байқауларда жүлделі болған оқушылардың шығармашылық және жобалық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылып, көпшіліктің көзайымына айналды.

Концерттік бағдарламаны тамашалауға мектептің Қамқоршылық кеңес мүшелері, серіктес мекемелер, қалалық білім беру ұйымдары және әлеуметтік орталық басшылары мен ата-аналар шақырылды.

Тараздық Зияткерлік мектеп негізі 2013 жылдың 4 шілдесінде қаланған. 5 жыл ішінде мектептен 400 түлек түлеп ұшты. 2017-2018 оқу жылында 158 бітірушінің 147-сі мемлекеттік гранттарға ие болса, 44-і Назарбаев Университетінің студенттері атанды. 15 оқушы алыс және жақын шет елдердің жоғарғы оқу орындарына шақырулар алды.

Биылғы жылы мектеп қауымдастығы халықаралық стандарттарды дамыту мен білім саласындағы жаңа жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған Халықаралық мектептер кеңесі (CIS – Council of international schools) халықаралық аккредитациясынан өту мақсатында қызу дайындық жүргізуде.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку