Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары шешендік өнер байқауының жеңімпаздары.

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
13.11.2018
999
700

2018 жылдың 10 қарашасында Алматы қаласында КИМЭП университетінің кіші залында “English speech and storytelling contest” шешендік өнер байқауы өтті. Байқау “Burningbush Korea” және “Global college, Canada” білім беру орталықтарының бірлескен жобасы болып табылады. Оның мақсаты – қатысушылардың ағылшын тілінен дағдыларын жақсарту, оқушылардың өздеріне деген сенімділігін арттыру, әлем туралы инновациялық идеялармен және өзіндік ой-пікірлермен алмасу үшін платформа құру.

Тараз қаласы Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушылары Сергей Ким мен Валерия Югай байқаудың финалына өтіп, алматы қаласындағы халықаралық мектеп оқушыларымен бірге бақ сынасты.  Байқаудың іріктеу кезеңінің тапсырмаларына сәйкес қатысушыларға “Қазіргі әлемдегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі” тақырыбында 700 сөзден тұратын эссе жазу қажет болды. Ақтық сынға барлығы 70 қатысушыдан 24-і өтті. Байқау шарты бойынша финалистер өз жазуларын жатқа білулері және сол тақырыпты 5 минут ішінде таныстыруы тиіс болатын. Қатысшулырдың өнерлері мазмұндылығы, презентациялық дағдылары және сөйлеу тездігі бойынша бағаланды.

Конкурс қорытындысы бойынша Валерия Югай екінші жүлделі орынға ие болса, Сергей Ким алтыншы орын ды иеленіп қатысушы сертификатын алды.

– Байқауға бір ай бойы дайындалдық. Өнер көрсетер алдында біз біраз қобалжыдық. Алайда жетекшіміздің берген кеңестері бізге толқуды жеңуге көмектесті. Жетекшіміз – ағылшын тілі мұғалімі Нағима Кенжабекқызына және қолдау білдірген мектебімізге алғысымызды айтамыз, – деді жас шешендер.

 

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку