Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебіне 5 жыл толуына орай өткізілетін мерейтойлық концерт БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2018 жылдың 29 қыркүйегінде Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Бес жылдың белесінде» атты мерейтой кешін «Баласағұн» орталық концерт залында өткізуді жоспарлауда. Мерекелік кеште мектеп оқушылары домбыра бастаған музыкалық аспаптарда қазақтың 100 әнінен попурри орындап, ұлттық би мен күйден шашу шашпақ. Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылып, 5 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктерге шолу жасалып, әлеуметтік жобалар қорытындылары баяндалады.

Концерттік бағдарламаны тамашалауға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы өкілдері, мектептің Қамқоршылық кеңес мүшелері, серіктес ұйымдар, қалалық білім беру ұйымдары және әлеуметтік орталық басшылары мен ата-аналар шақырылды.

Білім ордасының 5 жылдық мерейтойы 24 қыркүйектен бастау алып, мектепішілік шаралар тізбегімен аяқталған болатын. Аптаға созылған мерейтой қорытындысы мың адамдық аудитория алдында мектеп қауымдастығының есеп беру концертімен аяқталады.

Тараз қаласы Зияткерлік мектебі 2013 жылдың 1 қыркүйегінде бірінші рет оқушыларға өз есігін ашты. 5 жыл ішінде мектептен 400 түлек түлеп ұшты. 2017-2018 оқу жылында 158 бітірушінің 147-сі мемлекеттік гранттарға ие болса, 44-і Назарбаев Университетінің студенттері атанды. 15 оқушы алыс және жақын шет елдердің жоғарғы оқу орындарына шақырулар алды.

Биылғы жылы мектеп қауымдастығы халықаралық стандарттарды дамыту мен білім саласындағы жаңа жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған Халықаралық мектептер кеңесі (CIS – Council of international schools) халықаралық аккредитациясынан өту мақсатында қызу дайындық жүргізуде.

 

Өтетін күні: 29 қыркүйек 2018 жыл

Өтетін орны: «Баласағұн» орталық концерт залы

 

Токбергенова Меруерт Бахтияровна, баспасөз хатшы

Байланыс номері: 8 705 112 61 01

Электрондық пошта: tokbergenova_m@trz.nis.edu.kz

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку