Мұғалімдер мерекесі Тараздағы Зияткерлік мектепте таңғы құттықтаудан басталды. Мектеп алдына тізілген оқушылар мен ата-аналар ұстаздарды жеке-жеке қарсы алып, құттықтау тілектерін жаудырды. Артынша мұғалімдер қауымы «Голливуд» стилінде безендірілген фотозоналарда суретке түсіп, өздерін жұлдыздай сезінуге мүмкіндік алды.
Сондай-ақ жоғары сынып оқушылары ұстаздарына демалыс сыйлау үшін сабақтарды өздері жүргізіп, тіпті мектепті басқару шаруаларын да өз мойындарына алды. Ал парталарда әдеттегі оқушылар орнында мұғалімдер отырып бір сәт оқушы кейпіне енді.
Мерекелік күн мұғалімдерге арналған түрлі квест ойындар және лотереялармен жалғасты. Жалпымектептік флешмоб та биленіп, мерекелік ас тартылды. Құттықтау тематикасы «Голливуд» тақырыбына арналғандықтан оқушылар сүйікті мұғалімдерін кино жұлдыздарына теңеп, түрлі номинациялармен марапаттады.
Өздерінің ыстық ықыластарын еліміздің аймақтары мен шет елдегі мектеп түлектері де жолдады. Өз құттықтауларында түлектер мұғалімдері берген терең білім мен тағылымды тәрбиелері үшін зор алғыстарын айтып жатты.
Күн соңы «Кариб теңізінің қарақшылары» жүргізген мерекелік концертке ұласты. Концерт барысында кәсіби жетістіктері мен білім саласына сіңірген еңбектері үшін біршама педагогтар марапатталды.
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]
🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]
🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀
📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.