Ұстаздар ұлықталған күн болды

Полная информация

Категория:
Новости
Дата публикации:
04.10.2019
999
700

Мұғалімдер мерекесі Тараздағы Зияткерлік мектепте таңғы құттықтаудан басталды. Мектеп алдына тізілген оқушылар мен ата-аналар ұстаздарды жеке-жеке қарсы алып, құттықтау тілектерін жаудырды. Артынша мұғалімдер қауымы «Голливуд» стилінде безендірілген фотозоналарда суретке түсіп, өздерін жұлдыздай сезінуге мүмкіндік алды.

Сондай-ақ жоғары сынып оқушылары ұстаздарына демалыс сыйлау үшін сабақтарды өздері жүргізіп, тіпті мектепті басқару шаруаларын да өз мойындарына алды. Ал парталарда әдеттегі оқушылар орнында мұғалімдер отырып бір сәт оқушы кейпіне енді.

Мерекелік күн мұғалімдерге арналған түрлі квест ойындар және  лотереялармен жалғасты. Жалпымектептік флешмоб та биленіп, мерекелік ас тартылды. Құттықтау тематикасы «Голливуд» тақырыбына арналғандықтан оқушылар сүйікті мұғалімдерін кино жұлдыздарына теңеп, түрлі номинациялармен марапаттады.

Өздерінің ыстық ықыластарын еліміздің аймақтары мен шет елдегі мектеп түлектері де жолдады. Өз құттықтауларында түлектер мұғалімдері берген терең білім мен тағылымды тәрбиелері үшін зор алғыстарын айтып жатты.

Күн соңы «Кариб теңізінің қарақшылары» жүргізген мерекелік концертке ұласты. Концерт барысында кәсіби жетістіктері мен білім саласына сіңірген еңбектері үшін біршама педагогтар марапатталды.

NIS Тараз подписал меморандум о сотрудничестве с Национальным университетом Kyeongpuk Республики Корея

Kyeongpuk национальный университет Республики Корея и Назарбаев Интеллектуальная школа города Тараз подписали меморандум о сотрудничестве. Соглашение открывает новые возможности двухстороннего сотрудничества в сфере науки и углубление понимания экономических, культурных, экологических и академических преимуществ. Планируется, что в дальнейшем создана программа по обмену опытом и сотрудничества между их соответствующими учреждениями. Координатором данной встречи является Нагима Кенжебековна, преподаватель […]

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!  

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку