TEDx конференциясы өтті

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
02.10.2018
999
700

2018 жылдың 1 қазанында Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Мен өз ісімді сүйемін және сүйген ісіммен айналысамын» тақырыбында TEDx конференциясы өтті.

Конференция спикерлері ретінде мектеп оқушылары және шақырылған қонақтар – жеке кәсіпкер Бүркітбаева Жанар Қасымбайқызы және Тараз қаласындағы «Киш-Миш» шәйханасының бас аспазы Оразметов Ернар Жікібайұлы сөйледі.

TEDtalks ұйымдастырушысы мұғалім-ұйымдастырушы-куратор Жұмабаев Қ.Қ. болды. TEDx бағдарламасы сонымен қатар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлеген келесі мектеп оқушыларының идея таныстырлымындарын қамтыды:

– 10D сынып оқушылары Мұхамеджанова Дарина, Оңласын Саяжан;

– 10G сынып оқушылары Жүрсінәлі Айым, Конысбаева Мадина;

– 12А сынып оқушысы Әбдезова Айша;

– 12В сынып оқушысы Қасым Ермахан.

Барлық жарияланған спикерлер шабыттандыратын әңгімелер айтып, өмірдегі маңызды сәттері туралы ойларын ортаға салды. Мысалы, Ернар Жікібайұлы қалай қаладағы ең әйгілі шәйхананың бас аспазшысы болғанын және «Абаяс» кафесін құрудағы бизнес-жоспары туралы әңгімелеп берді. Әсіресе тыңдармандарға Жанар Қасымбайқызының әңгімесі әсерлі болды. Ол жеке адам ретінде өзін-өзі дамыту мен тәрбиелеудің маңыздылығы туралы, ойларымен бөлісті. Бүркітбаева Жанар Қасымбайқызы қалалық мәслихаттың депутаты, жеке кәсіпкер, мейрамханалар желісінің негізін қалаушы, сондай-ақ «Алтын жүрек» қайырымдылық саласындағы ұлттық сыйлық лауреаты.

Сөйлеушілердің мағыналы әрі қызықты әңгімелері арқасында, сонымен қатар олардың өзіндік ерекше форматтағы идея таныстырылымдары TEDx конференциясы тыңдаушыларын шабыттандырып, терең ой салды.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку