Онлайн оқу курсы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы ACADEMIA.kz Педагогикалық шеберліктің виртуалды лабораториясымен бірлесе отырып «Назарбаев Зияткерлік мектептеріне түсу үшін қалай дайындалу керек және өз мүмкіндіктеріңді бағалау» онлайн-курсын жүзеге асырып, іске қосады.

Онлайн-курстың мақсаты – оқушыларды Зияткерлік мектептерге түсу үшін құжат қабылдау шарттары және талаптарымен, тапсырмалардың құрылымы және мазмұнымен, емтиханға дайындалу жолдарымен таныстыру.

Онлайн-курс аясында математика және сандық сипаттамалар, тілдік пәндер бойынша (қазақ, орыс және ағылшын тілдері) тапсырмалардың үлгілері мен оларды талдау қарастырылады.

Сонымен қатар онлайн-курс тыңдаушылары 7-сыныптарға оқушыларды конкурстық іріктеудің байқау сынағынан өте алады. Байқау сынағының нәтижесі бойынша оқушыға тапсырманы орындау барысында қиындық туғызған оқу бағдарламасының бөлімдері мен мақсаты көрсетілетін кері байланыс беріледі.

Осы онлайн-курстан өту үміткерге оқытудың тиімділігін арттыруға, Зияткерлік мектепке түсу үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға және дамытуға көмектеседі.

Онлайн-курс WWW.ACADEMIA.KZ онлайн платформасында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады. Онлайн-курс қолданушылары оны кез келген уақытта, кез келген жерде қосып, тыңдай алады. Онлайн-курстың құны – 12 000 теңге. Онлайн-курс төлемақысын төлеу банк картасы арқылы жүзеге асырылады. Транзакция қауіпсіздігі Epay Halyk Bank электрондық төлем жүйесімен кепілдендіріледі.

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку