Робототехника бойынша өңірлік олимпиада

Техникалық дарынды, талантты балаларды қолдау және олардың инновация мен жоғары технологиялар саласындағы қызығушылығын арттыру мақсатында, 2018 жылғы 28 сәуір күні Тараз қаласының физика-математика бағытындағы “Назарбаев Зияткерлік мектебі” филиалының базасында World Robot Olympiad-2018 ережелері аясында Робототехника бойынша олимпиаданың өңірлік іріктеу кезеңін ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Жарыстар бір күн ішінде келесі санаттар бойынша өткізілетін болады:

  1. Негізгі

– Кіші (12 жасқа дейін)

– Орта (13-тен 15 жасқа дейін)

– Үлкен (16-дан 19 жасқа дейін)

  1. Шығармашылық

– Кіші (12 жасқа дейін)

– Орта (13-тен 15 жасқа дейін)

– Үлкен (16-дан 19 жасқа дейін)

  1. Роботтар футболы (10-нан 19 жасқа дейін)
  2. Еркін

– Сумо. Адымдаушы роботтар.

– Кегельринг-квадро.

Әр топ тек бір санат бойынша қатысады. Жалпы қатысушы топтар саны шектелмеген. Топ  http://wro.nis.edu.kz/ сайтындағы WRO – 2018 ережесінде көрсетілген жас шектеулерге сай екі оқушыдан құралуы қажет.     Командаларды тіркеу сілтемесі 2018 жылдың 15 сәуіріне дейін қол жетімді болады: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeqDpm2_Fn1bTrSbQU0iZdrO2uCXwWsGqtbQ94sEAnihe3mSw/viewform?c=0&w=1

“Негізгі”, “Шығармашылық” және “Роботтар футболы” санаттары бойынша орын алған топтар 2018 жылғы 23-24 маусымға жоспарланған ЭКСПО Конгресс орталығында өтетін Республикалық робототехника бойынша чемпионатқа (Астана) қатысуға жолдама алады.

 

Өтетін күні: 28.04.2018 жыл

Уақыты: 9.00 – 18.00

Өтетін орны: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Домалақ ана көшесі, 266

 

 

Токбергенова Меруерт Бахтияровна

Баспасөз хатшы

Байланыс номері: 8 705 112 61 01

Электрондық пошта: tokbergenova_m@trz.nis.edu.kz

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку