Тамыз конференциясының секциялық отырыстары өтті

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
27.08.2019
999
700

Педагогтардың дәстүрлі тамыз конференциясының секциялық отырыстары 2019 жылдың 26-27 тамыз күндері өтті. Алғашқы күннің отырысы Тараз қаласының №41 көпсалалы гимназиясында өтіп, облыстың 750-ге тарта бастауыш сынып және мектепалды даярлық топ мұғалімдерін қамтыды.

Отырысқа білім басқарманың мамандары, оқу-әдістемелік кабинеті қызметкерлері, мектеп басшылары, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері де қатысты.

Секция отырыстарында Тараздық Назарбаев Зияткерлік мектеп мұғалімдері мен Педагогикалық шеберлік орталық тренерлері, сондай-ақ Жамбыл облысы бойынша пилоттық №41 көпсалалы гимназиясы және Т. Рысқұлов ауданы №1 мектеп-лицей мұғалімдері шеберлік-сыныптарын өткізді.

Жиында бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыс түрлері анықталып, тәжірибеге енгізу мен білім беру үдерісін ұйымдастырудың тәсілдері қарастырылды. Әсіресе, оқу пәндерінің мазмұны мен құрылымының ерекшеліктері,  критериалды бағалау аясындағы қалыптастырушы  және жиынтық бағалаудың тапсырмаларын дайындау тәсілдері, дифференциалды білім беруді  ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Шараның екінші күні Тараздағы Зияткерлік мектебінде жалғасып, 9, 10-сыныптарға  сабақ беретін облыстың 680-ге жуық пән мұғалімдері жиналды.

Аталған секция жұмыстарында Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері 9, 10 сыныптарда пәндер бойынша критериалды бағалау, пәндік-тілдік кіріктіріп оқыту (CLIL) әдістері, ОӘК-мен жұмыс, оқу пәндерінің мазмұны мен құрылымының ерекшеліктері бойынша шеберлік сыныптарын өткізді.

Сонымен қатар, қатысушыларда отырыс материалдардын арнайы жүктеу аймағынан көшіріп алу мүмкіндігі болды. Педагогтарды жаңа оқу-әдістемелік құралдарымен таныстыру мақсатында көрме де ұйымдастырылды.

Секциялық отырыс соңында қатысушылар пікір алмасып, кері байланыс ұсынды, қаралған сұрақтардың мазмұынының маңыздылығын, өткізілген таныстырылым, шеберлік-сыныптардың құндылығын ерекше атап өтті.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]

 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында.

🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]

NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты.

🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀

 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді.

📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.  

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку