2019 жылдың 30 наурызы күні Тараз қаласында «Мұғалімнің зерттеушілік қызметі» облыстық конференциясы өтті. Ұйымдастырушылар – Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Педагогикалық шеберлік орталығы.
Шараның мақсаты жаһандану жағдайында білім беруді дамыту бойынша педагогтардың зерттеу жұмыстарын қорытындылау және тәжірибе алмасу болды.
Конференция жұмысына Жамбыл облысының жалпы білім беретін мектеп өкілдері, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің мамандары, Педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушылары және Тараз қаласының Зияткерлік мектеп педагогтары қатысты. Іс-шараға жалпы білім беретін мектептердің 127 мұғалімі қатысты.
Презентациялық сессияның жеті бағыты бойынша 50-ден астам тақырыптық баяндамалар тыңдалып, жобалар мен зерттеулерді дамыту нәтижелері бойынша постерлік сессия өткізілді. Сондай-ақ, Тараздағы Зияткерлік мектептің мұғалімдері тәжірибеде зерттеу жүргізу әдістемесі және мұғалімді дамыту жобасын іске асыру, жобалық оқыту, CLIL-да белсендендіру және оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту бойынша шеберлік сыныптар ұйымдастырды.
Конференция соңында қатысушылар ынтымақтастықта жұмыс жасаудың пайдасын атап өтіп, сындарлы кері байланыстарын ұсынды. Сонымен қатар, облыс педагогтарының зерттеу жұмыстарының тиімділігін мониторингілеу мақсатында жыл сайын конференция өткізу дәстүрін жалғастыру, ауыл мектептерінің мұғалімдерін тарту арқылы келесі конференцияға қатысушылар географиясын кеңейту және сабақты зерттеу (Lesson study) жұмысын іске асыру мәселелері бойынша педагогтарға тұрақты практикалық қолдау көрсету шешімі қабылданды.
Конференция қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталып, баяндамалар жинағы шығарылды.
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]
🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]
🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀
📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.