Оқы, әзірле және дәмін тат

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
03.02.2020
999
700

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «тәтті кітаптар» фестивалі өтті. Бұл күні мектеп оқушылары белгілі әдеби шығармалардың тәтті көшірмелерін дайындап, көпшілікке ұсынды.

Шығармашылық фестиваль «Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының оқуына ұсынылған 100 кітап» жобасы аясында өтіп, мектептің 50-ден астам оқушысын қамтыды.

Балалар «Алиса в стране чудес»,  «451 градус по Фаренгейту», «Ромео и Джульетта», «20000 лье под водой» кітаптарының желісі бойынша өз өнерлерін көрсетті.

Қазылар алқасы құрамына мектептің бас аспазшысы мен тіл мұғалімдер кірді. Олар ұсынылған жұмыстарды «Art-кітап», «Түпнұсқа-кітап», «Үздік актерлер», және «Delicious» номинациялары бойынша бағалады.

Қатысушылар тәтті торт дайындаумен ғана шектелмей, әдемі таныстырылымдар жасап, шығармалар бойынша кішігірім театрландырылған көріністер көрсетті. Фестиваль мектеп асханасында тәтті кітаптармен шай ішуге ұласты.

«Тәтті кітаптар» фестивалі – бүкіл әлемде атап өтілетін ерекше мереке. Оны алғашқы болып 2000 жылы Джудит А. Хоффберг пен Беатрис Корон ұйымдастырған. Олар француз гастрономы, «Физиология вкуса: остроумная медитация на еду» кітабының авторы Антельм Брилат-Савариннің туған күнін атап өту үшін аталған идеяны ойлап тапқан.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку