Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқу бағдарламасы әлемге мойындалды

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
11.04.2018
999
700

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің NIS-Programme оқу бағдарламасы халықаралық GCE A-Level біліктілік талабымен тең деп танылды.

Британиялық беделді орган UK NARIC (National Recognition Information Centre) – Ұлыбританияның білім куәлігін тану жөніндегі ұлттық ақпарат орталығы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің NIS-Programme оқу бағдарламасын халықаралық General Certificate of Education A-Level (GCE A-Level) деңгейімен тең деп мойындады.

Аталған GCE A-Level бағдарламасы әлемнің барлық үздік университеттерінде мойындалған. Бұл бағдарлама бойынша білім алған түлектер ешқандай қосымша емтихан тапсырмастан және университетке дайындайтын Foundation курсын оқымастан жоғары оқу орынға түсе алады.

– «NIS-Programme барлық аспектілерін, бағалау жүйесін жан-жақты зерделеп, Зияткерлік мектептерді аралап көріп, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 12 сыныпты тәмамдау туралы аттестаты Ұлыбританияның GCE A-Level деңгейімен сәйкес келеді деп ұйғардық», – деп атап өтті UK NARIC сарапшылары.

Зияткерлік мектептердің оқу бағдарламасы қазақстандық жоғары оқу орындары тарапынан да мойындалған болатын. Қазіргі таңда Зияткерлік мектептердің түлектері Қазақстан-Британ техникалық университетіне (ҚБТҰ), КИМЭП Университетіне, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне (ҚазҰТУ), Алматы менеджмент университетіне (AlmaU), Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭБУ), Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті (АӨМУ), Халық шаруашылығы университетіне («Бизнесті әкімшілендіру бакалаврі» мамандығына), Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіне («Ақпараттық қауіпсіздік» мамандығына) екінші курсқа қабылдана алады.

Бұдан басқа Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектері Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламасына университетке дайындайтын Foundation курсын оқымастан қабылданады.

 

 “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Баспасөз қызметі

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку