Тараз қаласындағы Зияткерлік мектебі CIS аккредиттеуінен өтті

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
07.11.2018
999
700

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бейсенбілік жұмыс күні қуанышты жаңалықпен аяқталды. Мектеп директоры Талғат Байназаров Халықаралық Мектептер Кеңесінің (CIS) өкілінен мектептің аккредиттеуден сәтті өткендігі туралы хабар алды.

2015 жылы Тараздық Зияткерлік мектеп Халықаралық Мектептер Кеңесінің мүшесі мәртебесін алды. 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында әлемнің әр елінен тоғыз тәуелсіз сарапшы Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне келген болатын. Командалық сапардың қатысушылары қызметкерлермен, оқушылармен және ата-аналармен кездесулер өткізіп, оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуын бағалады, жалпы мектеп қызметіне жеті басым бағыт бойынша талдау жасады.

– CIS қоғамдастығына кіру біздің алдымызда дамудың кең перспективасын ашады, сонымен қатар, мектептің үнемі өзін – өзі жетілдіріп отыруын талап етеді, – деп атап өтті мектеп директоры Талғат Байназаров.

Халықаралық Мектептер Кеңесінің командалық сапары мектеп мерейтойын тойлаумен тұспа-тұс келді. Шетелдік қонақтар мектептің 5 жылдығына арналған “Бес жылдың белесінде” атты гала-концертте дарынды оқушылардың өнерін жоғары бағалады.

– Маған сәтті оқытудың маңызды аспектісі болып табылатын мектептегі жылы және жайлы атмосфера өте ұнады. Кез-келген уақытта кез-келген адамға көмек көрсетуге дайын, жауапты және ашық оқушыларды көргеніме қуаныштымын. Біз оқу үдерісін ұйымдастыру және оқу кабинеттерінің жабдықталу деңгейін жоғары бағаладық, – деді комиссия төрағасы Патрисия Мертин.

 

Тараз қаласындағы Зияткерлік мектеп 2013 жылдың 4 шілдесінде ашылды. Бес жыл ішінде мектепті 400 түлек бітіріп шықты. 2017-2018 оқу жылында 158 түлектің 147-сі мемлекеттік грантқа ие болды. 44 түлек Назарбаев университетіне түсіп, 15 түлек жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарында шақырту алды.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку