Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары Оксфорд университетінің физика факультеті ұйымдастырған физика пәні бойынша Британдық онлайн олимпиадасына қатысып, 4 алтын және 1 күміс жүлдеге ие болды.
Жыл сайын ұйымдастырылатын олимпиада 1600-ден астам талантты жас физиктердің басын қосып, дарындыларды анықтауға бағытталған.
– Олимпиаданың барлық кезеңдері ағылшын тілінде өткенін ескерсек,оқушылар өте жақсы нәтижелер көрсетті. Келесі жылы тағы да қатысу жоспарымызда бар. Оқушылар одан да жоғары көрсеткішке қол жеткізгілері келеді, – дейді, физика пәнінің мұғалімі Мирлан Джусамбаев.
Алтын және күміс жүлде иегерлері:
Тенельбаев Дәурен – алтын;
Калмаханбет Бекнур – алтын;
Спандияр Альмахан – алтын;
Бейбіт Сүлеймен – алтын;
Серикова Жансая – күміс.
Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды. 2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!
Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды. Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы. Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]
Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]
Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты. Соның ішінде Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды. Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.