Қарттарын аялаған ел ардақты

«Шын жүректен» әлеуметтік жобасы аясында 2017 жылдың 11 қазан күні Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары №1 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қарттарын аялаған ел ардақты» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты оқушылар бойында ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, меірімділік, үлкенді силау сияқты дағдыларды қалыптастыру және орталықта мекендейтін қарттардың көңіл-күйін көтеріп, қуаныш силау болатын.

Концерт соңынан оқушылар қариялармен әңгімелесіп, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды. Өз кезегінде қариялар оқушыларға ризашылықтарын білдіріп, баталарын беріп жатты.