Табысты мектеп – тиімді Leadership

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
26.03.2021
999
700

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі облыстық оқу-әдістемелік кабинетімен бірлесіп озық тәжірибені таратуға арналған жоспарлы семинар-практикумын өткізді. Жиынға облыстың барлық аудандары мен қала мектептерінің мұғалімдері қатысты. Мектеп басшылары мен педагог қызметкерлерінен құралған жалпы саны 700-ге жуық педагог қамтылды.

Бұл жолғы семинарда Зияткерлік мектеп педагогтары ғана емес, ауыл мен аудан ұстаздары да өз тәжірибелерін ортаға салды. Олар бірлесе отырып табысты мектеп жүйесін құрудағы көшбасшылық, бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу, сонымен бірге, бағалау құралдары, қалыптастырушы бағалаудың негізгі міндеттері мәселелерін талқылады.

Өңірдегі Меркі ауданының №5 мектеп-гимназиясының директоры Нуриля Қойшыманова жеке тәжірибесінен алынған «Табысты мектеп жүйесін құрудағы көшбасшының рөлі» тақырыбында ой өрбітті. Оқу орнының басшысы қарапайым орта мектепті гимназия статусына көтеру жолында қолданған бірнеше тиімді әдістерін айта кетті. Солардың бірі мектептің дамуына бағытталған 45 қадамдық авторлық жоба «Ақарал прогресс» моделі көрсетілді.

Семинарда өздерінің құнды тәжірибелерімен Жамбыл аудандық Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімдері Айгүл Қалмаханова және Нұржан Дубанов бөлісті. Бірер апта бұрын «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына ие болған Қалмаханова Айгүл Базарбайқызының «Бағалау құралдары: оқыту мақсаттары, бағалау критерийлері, ойлау дағдыларының деңгейлері, тапсырмалар, дескрипторлар» баяндамасы қатысушылардың ерекше қызығушылығын оятты. Тәжірибелі мұғалім аудиториямен интербелсенді қарым-қатынасқа түсіп, тақырыпты астарлы сұрақтар қою арқылы түсіндірді.

Зияткерлік мектеп директоры Тимур Нуркешов және орынбасары Жанат Алтаев білім процесі қатысушыларының арасындағы келіспеушіліктерді реттеудегі көшбасшылықтың маңыздылығы жөнінде баяндады. Осы орайда, қалалық №38 мектебінің мұғалімі Гаухар Тәжібаева: «Келесі кездесуде сыныптағы көшбасшылықты дамыту тақырыбында ой бөліссеңіздер» деген ұсынысын айта кетті.

Сондай-ақ, Зияткерлік мектеп мұғалімдері: Г.Жусипназарова, А.Дарменбаева, К.Тортаев, О.Ключанцева химия және физика пәндерінен бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеуге қатысты практикумдар өткізді. Берілген тақырыпты ұстаздар тыңдаушыларға түрлі тапсырмалар мен мәселелерді шештіру арқылы аша білді.

– Зияткерлік мектептегі әріптестеріміздің көмегімен жаңартылған білім беру мазмұнын тиімді пайдалану бойынша өз пәнімізге қажетті мағлұматтарды алдық. Әсіресе критериалды бағалау бойынша сұрақтарымызға толық жауап берілді. Семинар тиімді өтті деп есептейміз, – дейді жиынға қатысқан орта мектеп мұғалімдері.

 

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]

 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында.

🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]

NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты.

🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀

 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді.

📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.  

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку