«Ғылым әлемін ашамыз»

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
10.04.2018
999
700

Cәуірдің 4 мен 8 аралығында Байқоңыр қаласында “Ғылым әлемін ашамыз” XIV Халықаралық ғылыми ғарыштық зерттеулер байқауы өтті.  Байқауға Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінен 3 оқушы қатысып, 2 жобалық жұмыстарын ұсынды. 9 «А» сынып оқушылары Басыбек Мейржан және Көшербай Диас Ғарыштық техника және инфрақұрылым секциясы бойынша ««Ангар-7» зымырантасығышы  бірінші сатысының жетілдірілген конструкциясы» жобасын таныстырды.

– Балалар блоктардың бақылаусыз құлауын тоқтату және осыған байланысты экологиялық және экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған «Ангар-7» зымырантасығышы  бірінші сатысының жетілдірілген конструкциясы моделін әзірлеу және жинауды мақсат етті. Осы жобаны толықтай аяқтауға олар екі жылдай уақыт жұмсады, – дейді жоба жетекшісі Корчагин В. В.

Мейржан мен Диастың жұмысы қазылар алқасы мүшелерінің жоғары бағасына ие болып, олар I дәрежелі дипломдармен марапатталды.

12-сынып оқушысы Мұхамедәлі Бекзат ғылыми жарыста ғарыштық зымыранды басқару үшін титанды компьютердің қыш чипінде тозаңдатуды есептеу бағдарламасын  таныстырған болатын.

– Зымыранды басқару үшін арнайы қыштан жасалған чип қажет. Мұндай чиптер бір рет қана қолдануға жарамды немесе тез істен шыққыш болып келеді. Осы мәселені зерттеу кезінде мен қыш төсемде титанды тозаңдату процесін бақыладым, өйткені бұл фактор ғарыш аппараттарын ұзақ пайдалануға әсер етеді. Титанды тозаңдатудың тиісті есептемелерін жасау үшін С++ бағдарламалау тілінде программа құрылып, сынақтан өткізілді, – деп бізбен бөлісті Мұхамедәлі. Жас ғалымның жұмысы бағаланып, I дәрежелі дипломды иеленді.

«Ғылым әлемін ашамыз» байқауы оқушылардың жер мен ғарыш, ғарыштық технологиялар, модельдеу және астрофизика саласындағы зерттеу қабілетін ынталандыруға мақсатында республикалық ғылыми-практикалық “Дарын” орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

IMG_2890

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку